- Advertisement -

Мемлекеттік қызметтердің 87 %-ы электронды форматқа көшірілді

90

- Advertisement -

Президентіміз Қ.К. Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында цифрландыруды барлық нормалардың базалық элементі ретінде атап өтті. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін мемлекеттік органдардың барлық процестері мен жүйелерін біріктіру және қағаз құжаттар мен анықтамаларды алып тастау жүргізілуде.

Бүгінде жүйелерді ықпалдастырудың арнайы жоспары іске асырылуда, соның арқасында әртүрлі ведомстволық жүйелер арасында деректермен автоматты алмасу жолға қойылды.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру жұмыстарына қызмет көрсетушілердің барлық мемлекеттік органдары тартылған. Қазіргі уақытта мекен жай анықтамасын жою электронды құжатайналымды 2 есе қысқартуға мүмкіндік бергендігін атап айтқан жөн.
Пандемия кезеңінде электронды қызметтер алу бірнеше есеге артты.
eGov сайтында жеке тұлғалар және заңды тұлғалар биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып, электрондық сандық қолтаңба алу қызметі іске қосылды. Бұрын халықта Электрондық сандық қолтаңбаға қатысты сұрақтар көп туындағандығын атап айтқан жөн. Біріншіден қиындықты туғызатын мәселе ХҚК бөліміне келу, электрондық талон алып кезекте тұру және мемлекеттік қызмет көрсету бұйрығына сәйкес азаматтың өзінің болуы. Электрондық сандық қолтаңбаны қашықтықтан алу және азаматтар базасында телефон нөмірін тіркеу азаматтар үшін біраз жеңілдік бергені рас.
Сонымен қатар, азаматтарға қажет мемлекеттік қызметтерді Egov mobile ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі бар. Egov mobile жүйесін AppStore және PlayMarket жүйелері арқылы жүктеп алуға болады. Мемлекеттік қызметті алу үшін азаматтарға проактивті қызметтерді алу қызметі еңгізілді. Азаматтарға ешқайда барудың қажеті жоқ. Бар болғаны келген смс кодтарға дұрыс ақпаратты берсе болғаны. Мысалы: Бала туылған кезде ЭСҚ пайдалана отырып, Электронды үкімет порталында «Бала тууын тіркеу» мемлекеттік қызмет таңдау арқылы 3 қызмет түрін алуға болады: баланың туу туралы куәлігін, бала туғандағы жәрдемақысын, балабақшаға кезекке қою.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің 87% электронды форматқа көшірілді. Оларды жұмыста немесе үйден шықпай-ақ алуға болады.
Сондай ақ, қазіргі кезде ХҚК бөлімдерде мемлекеттік төлемдерді QR төлемі арқылы төлеуге болатынын айта кеткіміз келеді, себебі уақыт тапшы кезде, комиссиясыз Kaspi.kz,
Myhalyk қосымшалары арқылы бірқатар мемлекеттік қызметтерге төлем жасауға болады. Онлайн болу оңай екенін азаматтарымыз ақырындап түсініп келеді, бұл да цифраландыру заманына басқан қадамның біреуі деп ойлаймыз.

Елемес Шалхар, бөлім басшысы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support