- Advertisement -

Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз

211

- Advertisement -

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Америка Құрама Штаттарының Алматы қаласындағы өкілдігінің Бас консулы Эрик Майерді қабылдады. Қонақты жылы шыраймен қарсы алған аймақ басшысы АҚШ-пен өзара қарым-қатынастың бүгінгі таңда беки түскенін, әсіресе әлеуметтік-экономикалық, мәдени және басқа салаларда ілгерілеу бар екенін атап өтті.

– Америка Құрама Штаттары Қазақстан егемендік алған күннен бастап жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Нәтижесінде, екі мемлекет арасындағы экономикалық, сауда, саяси қатынастар күннен-күнге нығаюда. Тәуелсіз Қазақстанды АҚШ-пен экономикалық әріптестік үлкен жетістіктерге жетеледі. Бұл орайда елімізге салынған тұңғыш ірі инвестициялардың бірі ретінде – «Шеврон» компаниясын атап өтуге болады. Компания құрылғалы өркениетті еңбек қарым-қатынасы, мықты мамандардың легі қалыптасты. Өндіріске озық технологиялар енді.

АҚШ-тағы халықаралық ұйымдар еліміздің, облысымыздың әлеуметтік саладағы мәселелердің шешілуіне үлкен ықпалын тигізуде. Сол үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Жалпы АҚШ-тағы секілді бүгінгі таңда Қазақстанда да кәсіпкерлік саласына айрықша көңіл бөлінген. Кәсіпкерлерге жағдай жасау, қолдау көрсету, кедергілерді азайту бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынған. АҚШ секілді алпауыт мемлекетпен әріптестікте алдағы жоспарларымызға жетуге үлкен септігін тигізетін болады.   Алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаруға дайынбыз, – деді Бердібек Сапарбаев.

Өз кезегінде Эрик Майердың екі мемлекет арасындағы қалыптасқан ынтымақтастық бұдан былай да нығая беретініне сенім білдірді.

– Биыл АҚШ пен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынасқа 30 жыл толып отыр. Екі ел арасындағы ресми байланыс 1991 жылдан бастау алды. АҚШ сол кезеңде енді ғана өз Тәуелсіздігін алып, дербестігін таныта бастаған Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға қызығушылық білдіріп, алғашқылардың бірі ретінде елшілік қатынастарын ұсынған.  Содан бастап, Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы ортақ байланыс үлкен қарқын алып, бүгінге дейін жоғары деңгейде сақталып келеді, – деген Бас консуль бірқатар ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салды.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сараланды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support