- Advertisement -

Адамды тәрбиелейтін қаталдық емес, мейірім

265

- Advertisement -

Бақытын баласынан іздеген біздің халқымыздың ұрпағының тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны белгілі. Қарияның – қазына, әкенің – асқар тау, әженің – мейірім, ананың – шуақ, бауырдың – қымбат, баланың бауыр ет болатыны соған дәлел. Оған қоса, халық тағылымындағы бала тәрбиесіне тек бір әке-ана немесе отбасы ғана емес, бүкіл әулет, ауыл жауапты болғанын білеміз. Иә, солай болған!

Ал бүгін қоғам басқа! Алдыңғы айтқандарымыз өзінің шын мәнін жоғалтып алғаны жасырын емес. Соның салдарынан бүгінгі қоғамда әлі буыны қатпаған бала-ұрпаққа қатысты қылмыстар орын алып отырғаны етімізден өтіп, сүйегімізге тиіп жатыр. Енді не істеу керек? Бүгінгі уақыттың ең үлкен сауалы да осы.

«Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» дегендей, бұл мәселеге қатысты облыстық ата-аналар кеңесі де өз үлесін қосып келеді. 2020 жылдың қыркүйек айында маған осы кеңестің жауапкершілігі артылды. Сол кезден бастап Тараз қаласы және аудандардың ата-аналар кеңесімен ортақ әлеуметтік желі байланысын құрып, өзекті мәселелерді ортада талқылауды қалыпқа айналдырдық. Сондай-ақ ата-аналар комитеттерінің жұмысын жандандыру үшін білім басқармасымен бірлесіп, түрлі мамандардан кеңес алу шаралары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар бүгінгі таңда облысымызда ата-аналар кеңесімен бірге ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүрген 361 аналар-әжелер және 321 әкелер мектептері жұмыс істеуде. Облыстық ата-аналар кеңесі 2021 жылғы жұмыс жоспарына сай білім басқармасымен бірге әр айдың 1-3 аптасын ата-аналар күні деп белгілеп, тәрбие саласы бойынша түрлі тақырыпта арнайы мамандардың қатысуымен қашықтан іс-шаралар өткізіп келеді.

Ата-аналар кеңесінің жұмысы жандану үшін «Білім иновация» мектеп-интернаты, «Дарын», Назарбаев зияткерлік мектептерінің ата-аналар жұмысының тәжірибесімен алмастық.

Біз ата-аналар кеңесі болғандықтан, тәрбиені отбасынан бастауымыз керек. Өйткені тәрбиенің теріс кететін жері отбасындағы берекеге байланысты болмақ.

Адамды тәрбиелейтін қаталдық емес, мейірім.

 

Ринат НҰРАҚБАЕВ,

облыстық атааналар кеңесінің төрағасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support