- Advertisement -

Спартакиадаға үздіктер іріктелді

97

- Advertisement -

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында республикалық спартакиадаға іріктеу турнирі өткізілді. Бұл додада мүмкіндігі шектеулі болғанымен, қабілеті шексіз саналатын кіл мықтылар қатысып, бәсеке көркін қыздыра түсті. Олар волейбол, үстел теннисі, дойбы, жүзу, шахмат секілді өзге де бірнеше спорт түрлері бойынша бақ сынасты. Жарыста барлық команда өкілдері үздік шығу үшін жанталасып бақты.

Іріктеу жарысына қатысқан командалар арасындағы волейбол додасы да тартысқа толы жағдайда өтті. Мұнда барлық команданың спортшылары жеңістің ең биік тұғырынан көрініп, өздерінің шын шеберліктерімен дараланғысы келді. Неге десеңіз, үздік ойын өрнегін көрсеткен волейболшылар облыс құрамасының сапына іріктеліп алынады. Содан да болар, ойыншылардың ешқайсысы аянып қалған жоқ. Облыстық спартакиаданың қорытындысында дене мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт клубының командасы қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанса, Тараз қаласынан жасақталған ұжым екінші орынға орнықты. Ал Дулати командасының волейболшылары үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы алғанда бұл жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Спорттың барлық түрлері бойынша анықталған үздіктер алдағы уақытта республикалық спартакиадаға қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.

Табиғат Абаилдаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support