Спартакиадаға үздіктер іріктелді
Спартакиадаға үздіктер іріктелді
Іріктеу жарысына қатысқан командалар арасындағы волейбол додасы да тартысқа толы жағдайда өтті. Мұнда барлық команданың спортшылары жеңістің ең биік тұғырынан көрініп, өздерінің шын шеберліктерімен дараланғысы келді. Неге десеңіз, үздік ойын өрнегін көрсеткен волейболшылар облыс құрамасының сапына іріктеліп алынады. Содан да болар, ойыншылардың ешқайсысы аянып қалған жоқ. Облыстық спартакиаданың қорытындысында дене мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт клубының командасы қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанса, Тараз қаласынан жасақталған ұжым екінші орынға орнықты. Ал Дулати командасының волейболшылары үздік үштікті түйіндеді. Жалпы алғанда бұл жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Спорттың барлық түрлері бойынша анықталған үздіктер алдағы уақытта республикалық спартакиадаға қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.
Табиғат Абаилдаев