- Advertisement -

Аналарға құрмет көрсетілді

167

- Advertisement -

Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі – ана мен баланы қолдау әрі қорғау. Қай кезеңде де бұл аса маңызды міндет саналған. Ал көпбалалы аналардың мәртебесін айқындау үшін оларға Күміс және Алтын алқа табыстап, жәрдемақы тағайындалатыны белгілі.

Жамбыл өңірінде 24 251 көпбалалы ана бар. Оның 4722-сі Тараз қаласында тұрады. Көпбалалы отбасылар санатына қосылып, отбасындағы шаттығы еселенген аналарды бейсенбі күні шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев қабылдады.

Көпбалалы аналарды  салтанатты түрде марапаттаған қала әкімі Ержан Жұматұлы мен қалалық маслихат хатшысы Батырбек Құлекеев оларға  гүл шоқтарын сыйлап, «Күміс алқа» және «Алтын алқасын» табыстады.

Осылайша, тараздық 9 әйел «Алтын алқа»,  тағы 30-ы «Күміс алқа»  иегері атанды. Көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға табысына қарамастан, бала санына байланысты жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. «Алтын алқа» — жеті және одан да көп баланы өмірге әкеліп тәрбиелеп отырған аналарға берілсе, ал «Күміс алқа» алты балалы аналарға беріледі. Мемлекет тарапынан аз қамтылған көпбалалы аналарға әл ауқатын жақсарту мақсатында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» тағайындалып, 1-6 жас аралығындағы балалары бар аналар, ай сайын азық-түлік, тұрмыстық химия тауарларымен қамтылуда.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтердің шығынын өтеу үшін «Тұрғын үй көмегi» тағайындалып, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», «І дәрежелі Даңқты аналар», «ІІ  дәрежелі Даңқты аналар» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, қалалық жолаушылар жол жүру көлігінде, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (2917 теңге ) өтемақы төленуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support