- Advertisement -

Облыс әкімі кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің жаңа құрамымен кездесті

37

- Advertisement -

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің жаңа құрамымен кездесті. Басқосуда қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыру шаралары мен кәсіпкерлік саласында өзекті мәселелерді талқылады.

— Жыл сайын несиелер бойынша ішінара кепілдендіруге, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға ауқымды қаражат бөлінуде, дегенмен ол ақша уақытылы игерілмеуде. Кеше мен мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық қамтуды арттыру мәселелері бойынша кеңес өткіздім. Жергілікті өнімнің үлесі бар болғаны 40 пайызды құрайды. Сіздерді осы мәселелерді шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын, — деді облыс әкімі.

Кеңес барысында кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Мұқаш Ескендіров, Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Саурықов, «Әулие Ата Феникс» ЖШС директоры Фарида Жүнісова, «Агропродхлебснаб» ЖШС директоры Жақсыбек Қасымбеков, «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Жанат Ертаева, Бизнесті индустрияландыруға жәрдемдесу Палатасы қауымдастығының төрағасы Латиф Айдаров сөз алып, орамды ойлары ортаға салып, көкейдегі ұсыныс-пікірлерін білдірді. Олар ара және балық шаруашылығын дамытуға, баға белгілеуге қатысты мәселелерді көтерді.

— Сіздер көтерген мәселелердің әрқайсысы жан-жақты сараланатын болады. Қазірдің өзінде ара шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамыту бойынша нақты шаралар қабылдануда. Елімізде балық өсірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған, бірақ бұл туралы көбі біле бермейді. Балық шаруашылығы басшыларына мемлекеттік бағдарламалар туралы жеткізу керек. Ара шаруашылығын дамытуға келер болсақ, мен ауыл шаруашылығы басқармасына омарташыларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырдым. Сондай-ақ, облыстың омарташылар қауымдастығының жұмысын жандандыру қажет, — деп қорытындылады аймақ басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support