- Advertisement -

Кәсіпкер балабақша салып берді

166

- Advertisement -

Ауданда демеушілердің күшімен жобалық құны  118 миллион теңгені құрайтын 18 жоба іске асырылуда. Атап айтсақ, Шайдана ауылында кәсіпкер Әділ Байұзақов спорт музейі мен 10 миллион теңгеге спорт кешенін, Ащыбұлақ ауылының 1984 жылы туған азаматтары 2 миллион теңге балаларға арналған ойын алаңын салып берді.

Ал Шоқай және Ш.Ниязбеков ауылдарының 20 жылдық түлектері ауылдың кіре берісіне келісті арка тұрғызды. Бұдан бөлек, Ақбұлым ауылындағы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының 2001 жылғы түлектері мектеп ауласынан демалыс алаңын салып, бір миллион теңге субұрқағын орнатқан.

Жалпы мектеп түлектері мен кәсіпкерлердің игі бастамалары мұнымен де тоқтап қалған жоқ. Мәселен, Ақбұлым ауылының тұрғыны, «Шаңырақ 7» ЖШС жетекшісі Гүлзат Ташбаева 21 миллион теңгеге балабақша салып, ауыл тұрғындарын қуантты.

– Бұрын ауылда балабақша болмағандықтан, халықтың сұранысын ескере отырып 50 орындық балабақша салдық. Әрбір азаматтың борышы туған жерге із қалдыру дейтін болсақ, ойлана келе туып-өскен ауылыма осындай тарту жасағым келді. Енді мұнда елуге жуық бүлдіршін балабақшаға баратын болады. Халыққа ыңғайлы болсын деп ауылдың ортасынан ашып отырмыз, – дейді кәсіпкер.

Ғимарат балаларға қажетті барлық ойын құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Бірнеше ауыл тұрғыны тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Ауыл қариялары кәсіпкерге ақ батасын беріп, жаңа ғимараттың лентасын қиды. Осыдан кейін жиналған жұрт жаңа балабақшаға қадам басқан балдырғандардың өнерін тамашалады.

 

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,

журналист.

 Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support