- Advertisement -

Қаржы құйсам дегендердің қатары көп

113

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен  жылы қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму» аталатын екінші бөлімінде еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделетінін атап көрсетіп, оның бесіншісінде «Адами каптиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту» деді.  Одан әрі Президент: «Стратегиялық жобалар үшін заттай грантты, қаржыландыру жеңілдігін, жекелей кепілдікті, экспорттық қолдау тәсілдерін топтап ұсыну жолын қарастыру керек. Инвесторлардың қаржылық шығынының бір бөлігін салық төлеуден босату арқылы өтеуге болады» деп инвесторларға жеңілдік жасай отырып, оларды көптеп тартуға болатынын да атап көрсетті. Жолдауда «Халықаралық салық салу жүйесінің нормаларына да ерекше назар аударған жөн. Бұл нормалар шетел инвестициясын тартуға және тапқан табысты Қазақстанға қайта құюға барынша ынталандыруы керек» екенін де еске салды.

Президент міндеттеген тапсырманы орындауда әр аудан  мүмкіндігінше жұмыс істеп жатыр. Оған ауыл шаруашылығы мен өндірісі қатар дамыған Талас ауданында болғанымызда біршама көз жеткіздік. Аудандық әкімдіктің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм басқармасының басшысы Ауданбек Тауасаровтың айтуынша, биыл 18783,0 миллион теңге инвестиция тарту болжаныпты. Қаңтар-наурыз айларында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 2054, 9 миллион теңгені құраған. Ал былтырғы осы кезеңде 1930 миллион теңге болған. Өткен жылмен салыстырғанда 124,9 миллион теңгеге артық орындалып, 106,5 пайызды құраған. Нақты индексі – 102,7 пайыз. Мәселен, ауданға инвестиция тартып жатқан кәсіпорындардың ішінен «Новотекс» ЖШС – 1601,839, «Амангелді газ» ЖШС – 50,0 және жеке тұрғын үй құрылысына – 66,161 миллион теңге тартып, барлығы 336,9 миллион теңге болған. Аудандағы 54702 адамның жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 92,4 мың теңгені құраған.

Төрт айдағы көрсеткіш те көңіл қуантады. Қаңтар-сәуір айларында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі болжаммен 2482,4 миллион теңге, былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 287,8 миллион теңгеге артық орындалып, 113,0 пайызды құраған. Нақты көлем индексі болжаммен 111,7 пайыз. Кәсіпорындар ауданға 227,5 миллион теңге инвестиция тартыпты.

Ауданда өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында жалпы сомасы 35612,5 миллион теңгенің сегіз жобасы жоспарланып, оның ішінде 3735,2 миллион теңгенің екі жобасы өткен жылы пайдалануға берілген. Құны 1867,6 миллион теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мегаватт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind Power cify» ЖШС-на Қызыләуіт ауылдық округінен 21 гектар жер учаскесі бөлінген. Жоба Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. Cеріктестік тарапынан ауданға 1910,0 миллион теңге инвестиция тартылыпты. Былтыр құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылып, 1,5 миллион киловатт электр энергиясын өндірген. 11 адам жұмыспен қамтылыпты. Жалпы құны 1867,6 миллион теңгені құрайтын қуаттылығы 4,5 мегаватт болатын Жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind EIectricity» ЖШС тарапынан ауданға 2020,0 миллион теңге инвестиция тартылған. Былтыр құрылыс жұмыстары аяқталып іске қосылған онда 10 адам жұмыспен қамтылып, 1,5 миллион киловатт электр энергиясы өндірілген. Ал биыл 15,5 миллион киловатт электр энергиясын өндіруді жоспарлап отырса керек.

«Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында кәсіпкерлікті қолдау картасына «TaIаsInvestmenCompany» ЖШС-ның қуаттылығы 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға дейін көтеру мақсатында зауыттың жанынан қосымша цех соғу жобасын қосу жоспарланған. Онда 300 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның жалпы құны 25,0 миллиард теңге. Қазіргі таңда зауытқа инфрақұрылым тарту бойынша құжаттары толық рәсімделіпті. Инфрақұрылым тарту индустриялық аймақ арқылы жүзеге асырылатын көрінеді.

Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты «Еламан» шаруа қожалығы қой, жылқы, сиыр және түйе малы етін және сүтін өндіру мақсатында, жылына 500 мал бордақылау орнын ашпақшы. Оған тартылар инвестиция көлемі 70,0 миллион теңге. Жұмыспен 13 адам қамтылады. Мал бордақылау алаңына «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында электр желісін тарту бойынша 99,0 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттары жасалып, ол облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық дамыту басқармасына жолданған.

Жобалық құны 1829,1 миллион теңге болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Шеңгелді» ЖШС-ның құрылысына да осы Қызыләуіт ауылдық округінің аумағынан жер учаскесі бөлініп, былтыр құрылыс жұмыстары басталыпты. Жалпы қуаты 4,5 мегаватт болатын үш қондырғы орнатылып, 14 адам жұмыспен қамтылады. Бүгінге дейін қондырғылар толық орнатылған.  Жел электр энергиясын өндіретін «Новатекс» ЖШС-ның жобалық құны 1829,1 миллион теңге. 2020 жылы құрылысы басталған серіктестіктің жалпы қуаты 4,5 мегаватт. Бүгінде үш қондырғы орнатылған, 11 адам жұмыспен қамтылады. «Қаратау ПРО» ЖШС кәсіпорнының өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында құжаттары толықтай рәсімделіпті. «Индустриалды-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» енгізу үшін облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына құжаттары жолданған. Инвестиция көлемі 1085,0 миллион теңге. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істегенде 25 жұмыс орны ашылады.

Амангелді ӘБІЛ

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support