Денсаулық

Дерек пен дәйек

Дерек пен дәйек

18"Жібек жолы". Бейжіңдегі (Қытай) байқауда алтын медальге ие болған туынды. Авторы Ғалым СМАҒҰЛ.

Тараз қаласы Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігінде, Талас-Асаның шұрайлы алқабында, Қырғыз тауларының солтүстігіне қарай тау жағындағы жазықта, Талас өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Шаһардың  аумағы 188 шаршы шақырымды құрайды. Жалпы, қалада 1235 тұрғын үй қоры бар. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үй саны – 1084. Қалғаны баракты типті үйлер. 37 пәтер иелері кооперативі 400 көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсетуде. Тұрғындарының саны – 355,1 мың адам. Шаһардың ұлттық құрамына келер болсақ қазақтар – 64,5, орыстар – 19,3, ал басқа ұлттар саны 16,4 пайызды құрауда. Былтыр тараздықтар саны 348,2 мың адам болған. Есепті кезеңде демографиялық жағдай ақиқатқа негізделген. 2014 жылдың 1 тамызына қала халқының табиғи өсімі 3803  адамды құрады. Тараз қашанда тарихымыздың темірқазығы болып келеді. Бұл Елбасы аузынан шыққан афоризм. Қазіргі таңда Тараз қаласы – облысымыздың әкімшілік орталығы. Сонымен қатар 9 мәдени ошақ бар. Олар – орталық­тандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің 8 кітапхана филиалы және 300 орынды 1 қалалық мәдениет үйі. Жалпы, соңғы 5 жылда өңірде өнеркәсіп өнімдері көлемінің тұрақты серпіні байқалады. 2014 жылдың қыркүйек айына қала кәсіпорындары 112 миллиард 540,8 миллион теңгеге өнім өндірді, нақты көлем индексі 104,9 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 21 миллиард 250,1 миллион теңгені немесе 128,4  пайызды құрады. 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында 66,4 мың шаршы метр тұрғын үй  қолданысқа берілді, өткен  жылмен салыстырғанда 134,9 пайызды құрады. 29 спорттық нысан бар. Олардың ең үлкені – «Тараз-Арена». Қазіргі таңда қалада жүйелі түрде спортпен айналысатындар саны 77 325 адамды құрады. Бұл – Тараз тұрғындары санының 22 пайызын құрап отыр. 2014 жылы білім беру саласында 101 білім мекемесі жұмыс атқарады, оның ішінде: жалпы білім беретін күндізгі мектеп – 58, (бастауыш – 4, негізгі – 1, орта мектеп – 53), кешкі мектеп – 1,  балабақша – 39, қосымша білім беру орталықтары – 3. Білім саласына 2014 жылы 14 миллиард  теңге қарастырылды. Тараз қаласында 4 стационарлық денсаулық сақтау жүйесі (№1 ҚЕ, №2 ҚЕ, ҚПО, №1 ҚБЕ), 1 медициналық жедел жәрдем стансасы, 9 поликлиника, облыстық СПИД орталығы, облыстық қан орталығы,  тубдиспансер, қалалық және облыстық санаторийлер орналасқан. Соңғы жылдары мемлекеттік емес денсаулық сақтау жүйесі даму үстінде. Жұмыссыздар саны ағымдағы жылдың 8 айына 2520 адамды құрады, оның ішінде 1297 адам жұмыспен қамтылған. Кедейшілік деңгейінің көрсеткіші 0,9 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға азайған. Қала тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 2013 жылы 68,1 жас болса, биыл 69,5 жасқа өскен.