- Advertisement -

«Таразда жол апатынан 14 оқушы қайтыс болыпты» деген ақпарат жалған

120

- Advertisement -

«Таразда жол апатынан 14 оқушы қайтыс болыпты» деген ақпарат бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде тарап, тұрғындарды алаңдатып қойғаны жасырын емес.  Осыған қатысты облыстық полиция департаменті желіде тараған видеоның мән-жайы анықтап, 14 оқушы көз жұмғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Ал видеода «Айшабибіде маевкадан қайтып келе жатқан 14 оқушы қайтыс болыпты. Ата-аналар чатына салыңыздар! Балалар ата-ана жанында болсын», — делінген видеоның сипаттамасында.

Облыстық полиция департаменті жол апаты 24 мамырда Айша Бибі ауылының жолында болғанын хабарлады. «Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Таразға қарай келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігі мен BMW көлігінің соқтығысқанын анықтады. Жол апатынан BMW-ның 19 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы сол жерде қайтыс болды», — дейді полицейлер. Бұдан бөлек, 6 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қазір Қылмыстық Кодекстің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support