- Advertisement -

Тұрақтағы автокөлігін ұрлап кеткен

110

- Advertisement -

Тараз қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығына 31 жастағы Тараз қаласының тұрғыны автокөлік ұрлығы туралы хабарласып, түнде қаланың шағын аудандарының біріндегі үйінің жанында тұраққа қойған ВАЗ-2114 маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті кінәсін толық мойындап, ұрланған көлікті қосалқы бөлшектерге сатқанын айтты. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support