Ең үздік қызметкер атанды

68

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің IV-ші республикалық «Рухани қазына – 2021» фестивалін өткізді.

Мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін көтеру мақсатында жарияланған фестивальге Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін аза-маттар кітапханасы» КММ-нің кітапханашысы, бірінші топтағы көз мүгедегі Ербол Бегимов (суретте) «Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін  азаматтарға арналған кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша қатысты.

Нұр-Сұлтан қала-сындағы Ұлттық ака-демиялық кітапхананың ғимаратында өткен іріктеу күнінде Ербол Аққайұлы әділқазылар тарапынан қойылған сауалдарға мүдірмей жауап беріп,  жұмысын көрсете білді.

Өзі жүргізіп отырған үйірмелердің жұмысы мен  Брайль қарпінде шығарып жатқан кітаптары турлы жан-жақты айтты.

Нәтижесінде, респуб-ликамыздың ең үздік қызметкері атанды. Біз алдағы уақытта да Ербол Бегимовтың жастарға көрсететін тәжірибесі мен тәлімінің мол, кітапхана жұмысының жандануына қосатын үлесінің көп және облыстағы зағип жандарға әдістемелік көмек көрсететін білікті кітапханашы екенін зор мақтанышпен айтамыз!

Гүлнұр Алтынбекова.

Comments are closed.