«Декреттік» демалысқа шығатын ер-азаматтар неге көбейіп барады?

41

Еліміздің  заңында әкелердің де бала күтімі жөнінде демалыс рәсімдеуіне рұқсат берілген. Жеке басым оған қарсымын. Жаңадан өмірге келген балаға менің түсінігімде үш жасқа дейін ананың мейірімі өте керек. Көбіне мемлекеттік қызметтегі жігіттердің  кейбірі  жұмыстың қиындығына шыдамай демалысқа кетіп жатады. Мәселен, мен  зейнетке шыққанша салық саласында жұмыс істедім. Біздің салада ұжымда құрылымдық өзгерістер жиі жасалатын, яғни қызметкерлер  көбірек  қысқартуға түсетін. Сол кезде ер-азаматтардың дені  қызмет орнын сақтап қалу үшін, тіпті кейбірі жұмыстың қиындығынан қашқақтап декретке шығатын.  Соңғы уақытта біздің қоғамда жалпы отбасында әкенің беделі түсіп кеткені байқалады. Неге десеңіз, балаға тәрбие беретін балабақшадан бастап, мектеп қызметкерлерінің  80-90 пайызын әйелдер құрайды. Содан кейін аналар бала тәрбиесінде көп мәселені әкеден жасырып қалатын да жағдайлар бар.   Меніңше ол дұрыс емес. Бала бір мезгіл ерлердің қату қабағын көріп өсуі керек.  Бірыңғай әйелдің қамқорлығы мен ықпалында қалған бала ертеңгі күні жасық, бос болып ер жетеді. Оның соңы намыссыздыққа  апарады да, әйелінің қалқасында қалып, қаласа декреттік демалысқа кете салатын азамат содан шығады, – деді Қонысбай ағамыз ойын сабақтап.

«Әйелдер ер-азаматтармен иық тірестіріп, түрлі салада жемісті еңбек етуде» дегенді  бүгінде мақтанышпен жиі айтамыз. Гендерлік теңдік  стратегиясы салтанат құрған елімізде  мұны   нәзікжандыларға көрсетілген айрықша құрметке балап жүрміз. Құрметіне шүбә жоқ, әрине. Алайда әйелдердің қоғамдағы белсенділігі әрбір «шағын мемлекеттегі» әке мен ананың міндеттеріне де кері әсерін тигізіп отырған сыңайлы. Соңғы уақытта ер-азаматтар да әйелдермен «иық тірестіріп»,  бала күтімі жөніндегі демалысты жиі  рәсімдейтін болды. Бұдан бірер жыл бұрын «сөйтіпті» дегенді ара-тұра естіп қалатынбыз. Соңғы жылдары «декреттік» демалыстағы «дембелдердің» саны көбейді.

– Балалар ауласында арбаға салған 8-9 айлық  шамасындағы   баланы  айналып-толғанып отыратын жас әкені ылғи көретінмін. Әкелік мейіріміне сүйсініп, жылыұшырап амандасып қоятынбыз. Бірде тілдесіп қалдық. Күзетші болып еңбек ететін жігіттің осы ұлы өмірге келгенде, бір жасқа дейінгі бала күтімі жөнінде  демалысқа шығуына тура келіпті. Бұл қадамға  жұбайының ұсынысымен барған екен. Себебі мұның жалақысы аз болып, отбасының қажеттілігіне жетпегендіктен, амалсыз  табысы тұрақты әрі қомақтылау келіншегін жұмысқа шығарыпты. «Кезінде оқымадық. Қазіргі міндетім енді осы балапанды жақсылап қарау», – деді ол. Сөйтті де мазасызданып кеткен баласын алып үйіне қарай беттеді.

Тепсе темір үзетін соқталдай азаматтың бұл әрекеті көзге оғаш көрініп, айтқан  пікірі құлаққа түрпідей естілгенімен, ол өзінің осы өмір салтына үйреніп те қалған сияқты. Жалпы соңғы жылдары ер-азаматтар арасында тұрмыстың ауыртпалығын, отбасы жауапкершілігін сезіну тенденциясы басқа арнаға бұрылып бара жатқаны байқалады. Көпшілік жігіттердің  үйінен бұқпантайлап шықпай, отбасын асырау міндетін әйелдердің мойнына артып қоятыны бүгінде қалыпты көрініске айналды. Бұрындары ата-аналар ұл баланы «ертең отбасы деген шағын Отаныңа қамқор боласың» деп тәрбиелесе, қазір «өзіңді асырайтын қолында дипломы, жұмысы бар, басында баспанасы бар қызға үйлен», – деп ашық  айтатынды шығарды. Ер-азаматтардың бала күтімі жөніндегі демалыс рәсімдеуі де сол «тегеурінді тәрбиенің» бір «жемісі» болса керек.

– Елімізде базалық, міндетті және ерікті деңгейде мемлекеттің, жұмыс берушінің және жұмыскердің арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі моделі қалыптасқан.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін азаматтарды қамтиды және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) жұмыс берушілердің ай сайын аударатын әлеуметтік аударымдары есебінен қамтамасыз етіледі. Түскен әлеуметтік аударымдар қатаң түрде туындаған әлеуметтік тәуекелдердің 5 түріне төленетін әлеуметтік төлемдерді төлеу мақсатына жұмсалады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қызмет көрсеткелі 16 жыл ішінде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде өзінің тиімділігін көрсетті.

МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдердің бірі ана мен баланы қорғау мақсатында МӘСҚ-дан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайларына байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер. Мәселен, өткен жылы осындай қолдау елімізде 700 мыңнан аса алушыға көрсетілді. Ал біздің өңір бойынша өткен жылы МӘСҚ-дан 54204 алушыға жалпы сомасы 13 281 миллион теңге әлеуметтік төлемдер жүргізілді, оның ішінде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне – 5892,9 миллион теңге қарастырылды. Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемді облыс бойынша өткен жылы 766 ер адам рәсімдесе, жылдың басынан бері олардың қатары 216 азаматты құрап отыр. Еліміздің заңнамасына сәйкес бала күтімі бойынша табысынан айырылуына байланысты әлеуеметтік төлем алуға және демалыс рәсімдеуіне ер-азаматтардың да толық құқы бар, – деді «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ облыс бойынша филиалының заңгері Эльмира Пашанова.

Осы орайда сала маманы тұтастай алғанда, жұмыс істемейтін адамдарға бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қарағанда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңымен көзделген әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда МӘСҚ-дан төленетін  әлеуметтік төлемдер едәуір басымдыққа ие екендігін айтты. Бұдан аңғарғанымыз әкелердің   бала күтімі жөніндегі әлеуметтік төлемдерге құжат тапсырып жүргені – қордан алатын қаржының қомақты болуын көздеген ойдан да туса керек.

Бізде бір өзгеріс болса, өзге елдердің тәжірибесіне көз жүгіртеріміз заңдылық.  Шетелде әкенің декретке шығуы – қалыпты көрініс. Мәселен, Ұлыбритания, Қытай, Бельгия, Финляндия, Австрия, Франция елдерінде қамқор әкелер ақылы демалыс алады екен. Ал Швецияда баланың әкесіне кемінде бір айға декреттік демалыс алу міндеттеледі. Финляндияда 66 пайызы бала күтімі үшін уақытша жұмыстан босатылады. Испанияда әкелерге жалақысының 100 пайыз сақталуы кепілдігімен он апта көлемінде бала бағуға демалыс беріледі. Исландияда әке атанған ерлерге жылдық орташа жалақысының 80 пайызына дейін көлемде үш ай мерзімге, жәрдемақы қысқартылып тағайындалады. Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Бірақ осы әкелердің  «декретке шыққаны» біздің қазақы қалпымызға, менталитемізге жат нәрсе секілді. Ол әкенің беделіне нұқcан келтіреді, әрі десе  еразаматтардың жұмыстың қиындығынан қашуы, жауапкершіліктен жалтаруы  деп есептейді жуырда ғана құрылған облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Қонысбай Ильясов.

Еліміздің  заңында әкелердің де бала күтімі жөнінде демалыс рәсімдеуіне рұқсат берілген. Жеке басым оған қарсымын. Жаңадан өмірге келген балаға менің түсінігімде үш жасқа дейін ананың мейірімі өте керек. Көбіне мемлекеттік қызметтегі жігіттердің  кейбірі  жұмыстың қиындығына шыдамай демалысқа кетіп жатады. Мәселен, мен  зейнетке шыққанша салық саласында жұмыс істедім. Біздің салада ұжымда құрылымдық өзгерістер жиі жасалатын, яғни қызметкерлер  көбірек  қысқартуға түсетін. Сол кезде еразаматтардың дені  қызмет орнын сақтап қалу үшін, тіпті кейбірі жұмыстың қиындығынан қашқақтап декретке шығатынСоңғы уақытта біздің қоғамда жалпы отбасында әкенің беделі түсіп кеткені байқалады. Неге десеңіз, балаға тәрбие беретін балабақшадан бастап, мектеп қызметкерлерінің  80-90 пайызын әйелдер құрайды. Содан кейін аналар бала тәрбиесінде көп мәселені әкеден жасырып қалатын да жағдайлар бар.   Меніңше ол дұрыс емес. Бала бір мезгіл ерлердің қату қабағын көріп өсуі керекБірыңғай әйелдің қамқорлығы мен ықпалында қалған бала ертеңгі күні жасық, бос болып ер жетеді. Оның соңы намыссыздыққа  апарады да, әйелінің қалқасында қалып, қаласа декреттік демалысқа кете салатын азамат содан шығады, – деді Қонысбай ағамыз ойын сабақтап.

Бала күтімі жөніндегі демалыс рәсімдеуге көбіне әскери салада қызмет ететін ер-азаматтар  сұраныс беретін көрінеді. Оның себебі бір жағы жұмыстың ауырлығынан деп түсіндірді әскери салада еңбек ететін тараздық Нұрсұлтан есімді азамат. «Әскери  қызметте әрқашан бабыңда болу керексің. Уақытпен санаспай жұмыс істейтін кездеріміз көп біздің. Мәселен, күнара «нарядқа» шығамыз. Одан қала берсе  жаттығу алаңдарына  айлап кететін сәттеріміз көп. Осыдан келіп отбасылы әріптестеріміздің көбі декреттік демалыс алып, соңынан басқа салаға ауысып кетіп жатады», – деді ол.

Ер-азаматтардың отбасындағы орны, әкелік міндетінің қай тұрғыда болуы керектігі жайлы  асыл дініміз исламда әманда айтылып, жазылып қойған. Бүгінде бізге жетіспей жатқаны осы имани тұрғыдағы әрекеттер екенін мойындайтын кезіміз келген секілді. Осы орайда облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жәпекті сөзге тартқанымызда: «Шариғатымыз  бала  тәрбиесіндегі жауапкершілікті әйелдердің ғана мойнына артпайды.  Ері мен әйеліне бөліп береді. Соның ішінде  отбасын құрғаннан кейін бала-шағаны үй жаймен, ас-ауқатпен, киім-кешекпен, жалпы қажеттіліктермен  қамту – ер кісінің міндеті. Яғни ерлер отбасының асыраушысы болуы керек. Ал әйелге  күйеуінің шамасы келетін нәрсені талап ет дейді. Отбасында ер кісінің міндеті барлығынан  жоғары тұруы қажет. «Өйткені ер кісілер әйелдерден жоғары, ол әйелдерге басшы» деп Құран кәрімде Алла тағала аятпен келтірген. Осы аятпен ер мен әйелдің өмірдегі, отбасындағы  орны да бағаланып отыр. Осыған бағынған отбасы ең бақытты отбасы саналады екен. Отбасын құрып, перзенті өмірге келгеннен кейінгі алғашқы күннен бастап ер-азамат әкелік міндетін орындайды. Ол оған жас күнінен бастап моральдық, психологиялық, физикалық және материалдық жағынан жан-жақты дайын болғаны абзал.  Әрбір  ұл кішкентайынан осы міндеттерге  бейімделіп өсуі керек екен. Шариғатымыздың басты талаптарының бірі де осы.  Өкінішке қарай, бүгінгі таңда көптеген ерлер үйінде отырып, әйелдері жұмысқа шығып,  нәпақа тауып келу міндетін әйелдер атқарып жүргені шындық.  Бұл орайда әйелдің  қандай жағдайда ол міндетті алып жүргенінің де себебін зерделеу керек. Ал арнайы жауапкершіліктен, яки жұмыстан жалтарып бала күтімі жөнінде ер-азаматтың демалысқа шығуы шариғатта құпталатын нәрсе емес. Сол отбасында ерлі-зайыптылардың міндеттерінің дұрыс орындалмауының салдарынан қоғамда біз әртүрлі келеңсіз  жағдаяттарға тап болып жатырмыз», – деді ол.

Жуалылық жеке кәсіпкер Манап Мүсірепбековтің пікірі өзгелердің  ойынан мүлдем өзгерек  болып шықты. Ол  өзінің талай замандасының  азаматтық намысын аласартпай, отбасын айрандай ұйытып, бала-шағасының несібесін адал еңбекпен тауып жүргенін алға тартты. «Біздің қазақы түсінігімізде қыз баласын оқыту керек, ол ертең барған жерінде  наны қолында болады деген ұғым бар.   Дұрыс, бала болсын, қыз болсын оқысын, мамандық иесі атансын. Алайда осы пікірмен біз ұлдардың жігерін жасытып алып жатқандаймыз. Олардың қыздарға сенім артуы осылай отбасында кішкентайынан қалыптасып кетеді. Керісінше біз ер жігіт қашанда отбасына қорған, тірек болуы керек деп үйретуіміз қажет. Отбасылық қазынаның қамы болсын, басқа жағдай болсын ерлер өзінің беделін сақтап қалғаны абзал. Мен мәселен, бүгінгі күніме көп жылдық адал еңбектің нәтижесінде жеткенмін. Талай қиындық көрсем де, бала күтімі жөнінде демалыс алуым керек деген ой санама ешқашан келген емес және келмейді де. Осындай ойды жақтайтын талай азаматты өзім жақсы білемін. Сондықтан мен әрқашан нағыз азаматтар жағындамын», – деді Манап Тұрғынұлы.

Ерлер арасында бала күтімі жөніндегі демалыс рәсімдеу жөнінде халық арасында алуан пікір бар. Бір кездері елімізге белгілі азамат, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің  де бала күтімі жөніндегі ресми демалыс рәсімдегені әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан біраз сынға  ұшыраған болатын. Мұндай ақпараттарды қоғам дұрыс қабылдай алмағанымен,  бұл азаматтардың өз қалауы, қала берді құқы. Біздің халқымыз ер мен әйелдің ақыл парасаты, қоғамдағы беделі қандай деңгейде болса да отбасында әкені арда тұтып, құрметтеу керектегін жақсы білген емес пе еді?!  «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» деген де біздің дана қазақ. Солай бола тұра, бүгінгі жігіттердің дені  бойынан мәрттігін жоғалтып, анасының одан кейін әйелінің қалқасында, дұрысы қамқорлығында  «шалқып» өмір сүруге бір жола бой алдырып алғандай.  Арқа сүйер ер-азаматы (әрине барлығы емес) үнемі күмілжіп тұрса, ол отбасының тізгіні әйелдің қолына өтетіні анық.   Осыдан келіп ер-азаматтың бойынан намыс кетіп, олар бала  күтімі жөніндегі ресми демалысты   өзіне жайлы болған соң ала салуға еті үйреніп бара жатқандай…

Фариза Әбдікерімова

Comments are closed.