- Advertisement -

Көлікті жүргізушінің өзі жуады

58

- Advertisement -

Кәсіп ашамын, жұмыс істеймін деген кәсіпкерге мемлекет қашанда қолдау көрсетуге дайын. Шағын және орта кәсіпкерлікке ден қойғандардың басым көпшілігі бүгінде «Даму» қоры арқылы жұмыс істеуде. Соның бірі – Антон Кабаков. Ол алдымен «Кабаков» жеке кәсіпкерлігін құрып, 2012 жылы жеке дүкенін ашқан болатын. Бүгінге дейін саудамен айналысып келген ол биыл автокөлік жуу орнын ашып отыр.

– Қарап отырсам, соңғы жылдары қаламызда көлік санының көбеюімен қатар автокөлік жуу орындарының саны біршама артқанын байқап қалдым. Маған «неге осындай көлік жуу орнын ашпасқа?» деген ой келді. Жалпы бизнестің бұл түрі оңай әрі тиімдірек. Өйткені біріншіден, қызметкер саны аз, екіншіден, тұтынушылардан шағым да көп болмайды. Әрі шығыны жеңіл, сонымен қатар қызмет бағасы төмен. Ал өз көлігін өзі жуып алу – тұтынушының қалтасына айтарлықтай салмақ түсірмейді, – дейді Антон.

– Сөйтіп, кәсіпкер «Super мойка» деп аталатын заманауи және ыңғайлы көлік жуу орталығын Қойгелді көшесі бойынан ашып, халыққа өз қызметін көрсетуде. Көлік жуу орны аптаның жеті күнінде де 24 сағат бойы жұмыс істейді.

Кәсіпкерді бизнестің осы түрінің қарапайымдығы мен кірісті екені қызықтырғаны анық. Құрылыс салып, жуу орнын іске қосу үшін оған шамамен 40 миллион теңге қажет болыпты. Оны салатын қаланың ыңғайлы жерінде жекеменшік жер телімі болғандықтан бұл оның өз мақсатын іске асыруға  мүмкіндік берген. Бір артықшылығы, онда бұған дейін автокөлікті өзі жуу орнының болмауы оған себеп болыпты.

Ойға алған жоспарын жүзеге асыру мақсатында Антон алдымен кеңес алу үшін «Даму» Қорының Жамбыл облыстық филиалына қайырылады. Онда филиал менеджері несие алғанға дейін жобаны қолдап, кеңес берді. Сөйтіп, ол «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы жуу құрылысы мен қажетті жабдықтарды сатып алуға қомақты қаржы алады. Ал «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлеменің 8,5 пайызын субсидиялап, 11,8 миллион теңгенің кепілдігін ұсынды.

Кәсіпкердің көлік жуу орны 8 орыннан тұрады. Автокөлік жуудың әр қорабында сумен жууға, көбікпен жууға және балауызбен жылтыратуға арналған тапанша-шаңсорғыш бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету режімі жоғарыда айтқанымыздай аптаның жеті күнінде тәулік бойы жұмыс істеуде.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Тараз қаласы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support