- Advertisement -

Жүзден жүйрік шыққан кәсіпкерлер кімдер?

117

- Advertisement -

Облыстық кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңеске сайлау қорытындысы жасалды. Оның құрамына қала және облыстың кәсіпкерлері енді.  Ендігі жерде олар  4 жыл бойы жергілікті бизнес-қоғамдастықтың мүддесіне өкілдік етеді. Жаңа құрамдағы Өңірлік кеңестің алғашқы отырысы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықовтың қатысуымен өтті.

Айта кету керек, Жамбыл облысы бойынша Өңірлік кеңес мүшелігіне квота 28 адамды құрайды. Жалпы, барлығы 91 адам  кандидат тіркеліп, өз мүмкіндіктерін байқап көрді. Ал дауыс беруге облыстан 10 464 кәсіпкер қатысты.

«Біз Жамбыл облысы бизнесінің дауыс беруге қатысқан барлық өкіліне алғыс айтамыз. Бүгінге дейін Жамбыл облысы бизнес-қоғамдастығының мүддесін қорғап келген Өңірлік кеңестің бірінші құрамының мүшелеріне ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Әрқайсысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Өңірлік кеңестің жаңа құрамы бизнестің өзекті және түйткілді мәселелерін шешуге белсенді қатысады деген сенімдеміз», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов.

Спикер сонымен қатар карантиндік шектеулер жағдайында кандидаттардың құжаттарын қабылдап, тіркеу жұмыстарын жүргізген іріктеу комиссиясының жұмысына жоғары баға берді.

Еске салсақ, Жамбыл облысында Өңірлік кеңеске сайлау компаниясы алғаш рет ұйымдастырылды. 18 наурыз бен 2 сәуір аралығында кандидаттардың құжаттарын қабылдау және тіркеу жүргізілді, 6-10 сәуір аралығында үгіт-насихат компаниясы өтті. Негізгі кезең дауыс беру – 12-16 сәуір аралығын қамтыды.

Жиында Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы  Нұралы Ергебаев Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жұмысының негізгі қызметтері мен міндеттеріне тоқталып, ерекше басымдық берілетін бағыттарды атап өтті.

«Біздің қызметіміз өңір кәсіпкерлеріне практикалық көмек көрсетуге негізделген. Осы шаралар арасында негізгілерін атап өтуге болады. Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүддесін қорғау; шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстарды орнатуға жәрдемдесу; өңірде кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасау; бизнесті сервистік қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, бұл өз кезегінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің жергілікті қамту үлесінің ұлғаюына ықпал етеді; жастарды кәсіпкерлікке тарту және жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнесті қолдау; ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ жалпы облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін жағдайлар жасау», – деді Нұралы Ергебаев.

Сонымен жүзден жүйрік шыққан кәсіпкерлер кімдер? Өңірлік кеңестің жаңа құрамына кімдер енді? Басқосу барысында сайлау науқанында неғұрлым көп дауыс жинаған 28 үміткердің тізімін «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов хабарлады. Атап айтсақ:

«Бизнесті индустриялауға жәрдемдесу палатасы қауымдастығы» ЗТБ төрағасы  Л. Айдаров,  «Жамбыл облысы рестораторлар мен отельерлер қауымдастығы» ЖК және ЗТБ төрағасы А.Ақшалова,  «БешКо» шаруа қожалығының басшысы Ә.Ақылбеков,  «SAB group» ЖШС директоры С.Ақылбеков,  «ТрианаТараз» ЖШС директоры А.Ли, «Злиха» шаруа қожалығының басшысы К.Бегалиев,  «Таң» ЖШС директоры Ж.Бегманов,  «Бидайшы» шаруа қожалығының басшысы Б.Бидайшиев,  «Altais Group» ЖШС бас директоры Ә, Жұмабаев,  «ӘулиеАта Феникс» ЖШС директоры Ф.Жүнісова, «Білім» Кәсіптік гуманитарлықтехникалық колледжі ЖШС директоры Ж.Ертаева, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры М.Ескендіров,  «Әмір және Д» ЖШС директоры Қ.Қаймолдаева, «Ақбидай -2» шаруа қожалығының басшысы Н.Қалқабаев,  «STAR1» ЖШС директоры А.Қалмұратов, «Агропродхлебснаб» ЖШС директоры Ж.Қасымбеков, «Тамак» ЖШС директоры Г.Қоңқашева,  «Ремком» ЖШС директоры К.МичуринМухиев Е.К. ЖК жетекшісі Е.Мухиев,  «АулиеатаТрансПасс» ЖШС директоры Р.Пірманов, «ТаразАвтоТрансСервис» ЖШС директоры Д.Рымтаев, «Нұра Трансс Сервис» ЖШС директоры П.Рысымбетов, «ҚордайКорм» ӘКК төрағасы Т.Сәрсембаев, «Тараз халықаралық инновациялық институты» мекемесі ректоры Е.Саурықов, «ДанаДель» ЖК жетекшісі Б.Тоқтыбаева, «Comfort Distribution» ЖШС құрылтайшысы А.Төлтаев,  «А.И.Абай» ЖШС директоры Ә.Тұралиева,  «GOOD LOOK» сауда үйі ЖШС директоры Р.Хашимова жоғары ұпай жинағандар қатарынан табылды.

 Жиын барысында өңірлік кеңестің мүшелері аймақта кәсіпкерлікті дамытуды ілгерілету және алдағы жұмыстан күтілетін нәтижеге қатысты өз ойларын ортаға салды.

Кездесуге қатысушылардың ортақ шешімімен «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров Өңірлік кеңестің төрағасы болып сайланды.

 

Ақбота Батырбекова.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support