- Advertisement -

Сарбаздарға түсіндіру жұмыстары өткізілді

154

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында жас толымдармен прокурор сағаты өтті. Онда әскери қызметшілер арасындағы жалпы әскери жарғыларда айқындалған өзара қарым-қатынас ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілігі мен әскери қызметшілердің қылмыс жасағаны үшін жауапкершілігі жөнінде кеңінен айтылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу шарасына құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Әскери бөлімдерде орналасқан сенім телефондары мен арыз-шағым жәшіктерін пайдалану туралы айтылды.

Сонымен қатар Ауған соғысының ардагері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Таласбай Терлікбаев шараға қатысып, жас өрендерге патриоттық сезімге бөлейтін рухты сөздер айтып, сарбаздардың бойына күш-жігер ұялатты.

— Бүгін біз жоспарға сай прокурор сағатын өткіздік. Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараның сарбаздарға берер әсері мол. Жас толымдар әскери қызметін атқаруға дайын, олар қызмет жағдайымен қанағаттанады және жарғыдан тыс қарым-қатынас орын алған жоқ, — деді әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Біржан Азмұхаметов.

 

Гвардейск гарнизонының

 баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support