Жаңалықтар

Сарбаздарға түсіндіру жұмыстары өткізілді

Сарбаздарға түсіндіру жұмыстары өткізілді

Гвардейск гарнизонында жас толымдармен прокурор сағаты өтті. Онда әскери қызметшілер арасындағы жалпы әскери жарғыларда айқындалған өзара қарым-қатынас ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілігі мен әскери қызметшілердің қылмыс жасағаны үшін жауапкершілігі жөнінде кеңінен айтылды.  width=

Құқық бұзушылықтың алдын алу шарасына құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Әскери бөлімдерде орналасқан сенім телефондары мен арыз-шағым жәшіктерін пайдалану туралы айтылды. Сонымен қатар Ауған соғысының ардагері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Таласбай Терлікбаев шараға қатысып, жас өрендерге патриоттық сезімге бөлейтін рухты сөздер айтып, сарбаздардың бойына күш-жігер ұялатты. - Бүгін біз жоспарға сай прокурор сағатын өткіздік. Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараның сарбаздарға берер әсері мол. Жас толымдар әскери қызметін атқаруға дайын, олар қызмет жағдайымен қанағаттанады және жарғыдан тыс қарым-қатынас орын алған жоқ, - деді әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Біржан Азмұхаметов.   Гвардейск гарнизонының  баспасөз қызметі