Жаһан

«АРЗАН ЖАНАРМАЙ ОРТАЛЫҒЫНА» АЙНАЛМАЙЫҚ ДЕСЕК...

«АРЗАН ЖАНАРМАЙ ОРТАЛЫҒЫНА» АЙНАЛМАЙЫҚ ДЕСЕК...

Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин елде  белең алған жанармай тапшылығына қатысты жағдай қазанның екінші бөлігінде тұрақталатынын жеткізді. Оның айтуынша, біздегі бензиннің бағасы Қазақстанға алыс және жақын орналасқан 30-40 елмен салыстырғанда, ең арзан. Сондықтан өзгелерге «арзан жанармай орталығына айналмас» үшін, біздегі баға да соларға сай болғаны дұрыс дейді ол. Энергетика вице-министрінің айтуынша, Қазақстандағы бензин бағасының төмендігін ресейлік алыпсатарлар өз пайдасына асыруда. Яғни, елімізге Ресейден келетін жанар-жағармайдың басым бөлігі қайтадан Ресей нарығында саудаланып жатыр. Сондықтан Қарабалин мырза бағаны бірізге салу арқылы, пысықай алыпсатарлардың жолын кесуге болады дейді. «Біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Біздің елдер бір одақ құрып жатыр. Мұндай жерде екі жақта бағада айырмашылық болатын болса, осындай жағдай туа береді. Сол себептен болашақта, мысалы, 2019 жылға дейін екі жақтың бағасын бірдей қылуға тырысамыз», – деді Қарабалин.