Спорт және туризм

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ АЛТЫННЫҢ ИЕСІ

The final spritzer

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ АЛТЫННЫҢ ИЕСІ

Нұрмахан Тінәлиев Шу өңірінің тумасы

Грек рим күресінен алтынға басты үміткер Нұрмахан Тінәлиев алғашқы белдесуінде өзбек Абдорбек Мамосалиевті 11:2 есебімен еркін ұтып, ширек финалға шықты. Оның ширек финалдағы қарсыласы ирандық Дарзи Бабажанзадех болатын. 130 келінің үміті Нұрмахан Тінәлиев ширек финалда оны да 3:0 есебімен ұтып, жартылай финалға аяқ басты. Тінәлиевке жартылай финал да кедергі бола алмады. Ол қырғыз Мұрат Романовты 5:1 есебімен ұтып, финалға шықты. Сөйтіп ол финалда Оңтүстік Корея балуаны Ким Ионгминді 5:0 есебімен ұтып, Қазақ еліне 19-алтын медальді сыйлады. Сүйінші!

«Ақ жол-Ақпарат».