- Advertisement -

Жас сарбаздар әскерге бейімделуде

78

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлеріне қарасты оқу орталығының жас толымдары – сарбаздар атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындады.

Қазіргі таңда жас сарбаздар әскери қызметке бейімделу кезеңінен өтуде. 30212 әскери бөлімінің жас толымдары жоспарға сәйкес атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындады.

Іс жүзінде атыс даярлығы сабағында карантин талаптары ескеріліп, арақашықтық сақталды. Атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындау барысында қауіпсіздік шаралары сақталып, ұйымдастырылып өткізілді.

Жас сарбаздар қарудың құрылымын және бастапқы жаттығу мен ату кезіндегі қауіпсіздік ережелерін жатқа меңгерді. Сондай-ақ, атыс даярлығы сабағы барысында практикалық оқу орнынан бөлек оқу нүктелерінде атыс қаруынан атуға дайындалу, атыс қаруын дұрыс көздеу және тағы басқа нормативтерді орындады.

— Бүгінгі күн ұмытылмастай есте қалды. Алғаш рет атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындадық. Мен, жаттығуды орындау барысында үлкен жауапкершілікті сезіндім. Офицерлер мен сержанттар бізге қаруды қолданудың әдістерін үйретті. Оларға үлкен рахмет. Мен, Отан алдындағы борышымды өтеуге әскерге келгеніме өте қуаныштымын, — деді жас сарбаз Әділ Әбенов.

— Бүгінгі бастапқы жаттығу жас сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеріп, оларға үлкен жауапкершілікті сезіндірді. Олардың қызығушылығы артып, көңілдері қуанышқа бөленді, — деді ұлан майоры Рүстембек Дәрменбаев.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support