- Advertisement -

Әскерде қылмысқа орын жоқ

455

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Әскери полиция бөлімінің анықтау және іздестіру бөлімшесінің офицерлері санитарлық талаптарды сақтай отырып, мерзімді қызметке шақырылған жас толымдарға қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан орын алған оқиғаларды мысалға келтіре отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарын жеткізді.

Іс-шара жоспарға сәйкес өткізілді.

— Жас толымдарға қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ескертулер жасап, сұхбаттасу мен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Осылай алдын алу шараларын жиі өткізіп тұрамыз. Алдағы уақытта мұндай шаралар оң нәтиже беретініне сенім артамын, — деді әділет капитаны Азамат Жарымбетов.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметі

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support