Карантиндік шектеулер күшейтіледі

106

Тараз қаласы аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасынының негізінде Тараз қаласы «қызыл аймаққа» өтті.

Тараз қаласының тұрғындары арасында COVID-19 алдын алу, таралуын болдырмау мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.«Жамбыл облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы»Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 16сәуірдегі № 2 қаулысына (бұдан әрі — № 2 БМСДҚ) мынадай өзгерістер мен  толықтырулар енгізілсін:

1) №2 БМСДҚ 2 тармағы 2.1 тармақшасымен толықтырылсын:

2.1. Тараз қаласының әкімі, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар, Тараз қаласының кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

2.1.1.ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

2.1.2.қоғамдық үй-жайларда, қоғамдық көлікте, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау кезінде қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағандабетперде кию талаптарын қатаң сақтау керек.

2.1.3жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен кеңсе, ұйымқызметкерлерін 80% қашықтықтан жұмыс істеу нысанына көшіру, 20%- күндізгі режимге ауыстыру;

2.1.4. сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, базарларда, халыққа қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын жерлерде дезинфекциялық іс-шараларды күнделікті жүргізу;

2.1.5.ХҚКО-лардың, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және оның құрылымдық бөлімшелерінің, банктердің, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің жұмысын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақытты шектей отырып, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұйымдастыру, қызметкерлердің халыққа бір рет қолданылатын қолғаптармен және медициналық немесе мата маскаларымен қызмет көрсетуі;

2.1.6.алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының әдеттегі режимдегі қызметіне санитариялық – дезинфекциялық режимді күшейте отырып-15 адамнан артық емес топтарда қызмет етуіне рұқсат беру;

2.1.7. санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, жұмыс уақытын шектей отырыпсағат 07.00-ден бастап сағат 23.00-ге дейін супермаркеттер мен гипермаркеттердің қызмет етуіне рұқсат беру;

2.1.8.аймақтарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың, кабинеттердің, стоматологияның алдын ала жазылу бойынша (жазу бойынша) қызметіне рұқсат беру;

2.1.9.күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, отырғызу орындарының саны бойынша толтырылатын қоғамдық көлік жұмысына рұқсат беру; көлікке отырғызуға жеке қорғаныс құралдарын (маскаларды) пайдалану кезінде ғана жол беріледі; қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту; барлық есіктерді аша отырып, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;

2.1.10. кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салу. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуын сақтаған кезде рұқсат ету;

2.1.11.адамдар көп жиналуы мүмкін салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, жұмыс режимін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін шектей отырып, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 50%-ға дейін толтырылуымен, келушілердің саны отыратын орындар санына сәйкес бір уақытта бола отырып, 30-дан аспайтын отыратын орныбар үй-жайдағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру;

2.1.12.санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып сағат 08.00-ден бастап сағат 05.00-ге дейін қоғамдық тамақтану объектілері мен фуд корттардың қызметіне рұқсат беру (тек жеткізуге және әкетуге);

2.1.13. жексенбі күндеріашық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес)жұмысын тоқтата тұру;

2.1.14.сенбі және жексенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің, оның ішінде онда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, объектілердің жұмысын тоқтата тұру;

2.1.15.сенбі және жексенбі күндеріжабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік емес),сауналардың, СПА орталықтарының, бассейндердің,спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының және фитнес-орталықтардың жұмысын тоқтата тұру;

2.1.16.санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің (жеке тұрған) қызметіне рұқсат беру;

2.1.17.санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, алдын ала жазылу бойынша сұлулық орталықтары мен салондарының, шаштараздардың,  маникюр мен педикюр қызметтерінің, косметологиялық қызмет көрсететін орындардыңқызметіне рұқсат беру;

2.1.18.мәдениет объектілерінің (дайындық); театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының қызметіне тыйым салу;

2.1.19.діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей рұқсат беру;

2.1.20.ойын-сауық ұйымдарының (караоке, банкет залдары, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг,балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар ), батуттар және т. б.) қызметіне тыйым салу;

2.1.21.санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, толтырылуы 80%-дан артық емес кезде халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.)қызметіне рұқсат беру;

2.1.22.қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар қызметіне тыйым салу;

2.1.23. Қалааралық/облысаралық тұрақтыавтобустардың (шағын автобустардың) қозғалысына тыйым салу;

2.1.24. жалпы білім беретін мектептердің 1-8,10 сыныптарды дәстүрлі форматта оқытуды онлайн форматта оқытуға көшіру;

2.1.25.оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып — 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);

2.1.26. Тараз қаласының әкіміне, Тараз қалалық полиция басқармасының бастығына, Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына:

—  Тараз қаласының мобильді мониторингтік топтарының жұмысын күшейту;

—  карантин кезеңінде шектеу іс-шараларын орындамау және белгіленген басқа да талаптарды бұзуанықталған кезде тиісті әкімшілік шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес объектінің қызметін тоқтата тұру жөніндегі шараларды қолдану;

— қоғамдық жерүсті және жерасты өткелдерін, саябақтарды, скверлерді, аялдамаларды, балалар және спорт алаңдарын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді жүргізу.

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы 30.04.2021жылы 00 сағат 00 мин. бастап күшіне енеді.

 

Жамбыл облысы Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігері                                                                Шиналиев Б.

 

Comments are closed.