- Advertisement -

Туған жердің түлеуі – түлектердің тілегі

192

- Advertisement -

Бүгінде Тараздан түлеп ұшқан түлектер елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде өзінің білімін жетілдіріп, әртүрлі салада еңбек етуде. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш.

Табысты өмір жолы – жастарға үлгі. Ал  олардың туған өлкесін ұмытпай туған жерін көркейтуге атсалысуы азаматтығы, әлеуметтік жауапкершіліктерінің жоғары екенін көрсетеді. Тараз қаласында өткен  «Жомарт түлек – Тараз» түлектер кездесуі – осы сөзіміздің дәлеліндей болды. Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев форумда бұл бастама аяқсыз қалмай, жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараға айналу керек екенін айтып өтті. Ержан Жұматұлы қашанда сөзден іске батыл кірісетін азаматтардың алда тұратынын айта келіп, биылғы кездесуде көтерілген мәселелердің шешімін бірлесе тауып, келер жылғы жүздесуде түлектердің нәтижелі ісін мақтанышпен айтып отыратынына сенім білдірді.

«Жомарт түлек – Тараз» түлектер кездесуіне еңбегі мен ізденісінің арқасында табысқа жетіп жүрген тараздық түлектер шақырылып, бірқатары еліміздің ірі қалаларынан, шетелдерден онлайн байланысқа шығып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support