- Advertisement -

«Қауіпсіз жол» айлығы жүргізілуде

77

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында «Қауіпсіз жол» айлығы аясында әскери қызметшілермен жол-көлік оқиғаларының алдын алу шарасы ұйымдастырылды.

Әскери автомобиль полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен жергілікті ішкі істер учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, әскери қызметшілердің автокөліктері тексерілді.

Тексеріс барысында көліктердің техникалық жағдайлары, жарық көздерінің жұмыс істеуі, талапқа сай тиісті заттары мен дөңгелектердің жарамдылығы, медициналық дәрі қобдишалары қаралды. Сонымен қатар, орын алған жол апаттарының оқиғалары туралы, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптары мен жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар көлемі автокөлік жүргізушілеріне жеткізілді.

  • Ұйымдастырылып отырған іс-шараның мақсаты – көліктің техникалық ақаусызыдығы мен оның жағдайын анықтау, жол-көлік оқиғаларына жол бермеуге бағытталған. Осындай алдын алу шаралары алдағы уақытта оң нәтиже беруіне сенім артамын, — деді Әскери автомобиль полиция бөлімшесінің бастығы майор Еркін Игісінов.

 

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support