Түзеу мекемесіне жалған құжатпен кірмек болған азаматша ұсталды

51

Тараз қаласындағы түзеу мекемелерінің біріне жалған неке куәлігімен ұзақ мерзімді кездесуге кірмек болған азаматша ұсталды.

– Ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеуші жұбайымен ұзақ мерзімді кездесу үшін 32 жастағы азаматша ұсынған неке куәлігі жалған құжат екендігі анықталды. Аталған заңбұзушылықты мекеме қызметкерлері Ақтөбе қалалық АХАЖ бөлімімен неке қию туралы куәлігін растау үшін салыстырып тексеру  үшін қоңырау шалу барысында белгілі болды. Азамашта ұсынған неке қию туралы куәліктің тіркеу базасында жоқ болып шықты. Яғни, сотталған А есімді азаматпен Р есімді азаматшаның неке қию туралы куәліктері заңдастырылмаған, — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша сотталған азаматпен кездесу үшін заңды бұзған әйелдің үстінен ҚР ҚК-нің 352 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалуда.

Облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.