Өңірімізде бүгіннен бастап карантиндік шаралар күшейеді

326

Өңіріміз «сары» аймақта тұр

Облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Облыс аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту» туралы қаулысы шықты

Қаулы 19 сәуір, сағат 00.00-де күшіне енді

Жаңа қаулыға сәйкес, түрлі бағыттағы нысандардың жұмысына тыйым салынды:

балалардың ойын-сауық орталықтары, яғни ойын алаңдары мен жабық үй-жайлардағы аттракциондар қызметін қосуға

көрермендердің қатысуымен өтетін спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады

сондай-ақ түнгі және ойын клубтарына, караоке, бильярд объектілеріне шектеу қойылып отыр

Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар өсткізуге де рұқсат жоқ

!Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологияға алдын ала жазылып бару қажет.

Қоғамдық көліктерге келсек, қарбалас уақытта автобустар санын көбейтуге де болады. Автобустағы орын санына қарай ғана жүргіншілерді толтыруға рұқсат, бірақ тоқтағанда алдыңғы есікті ғана ашып, соңғыларын жауып қоюға болмайды.

Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істей алады

Ұжымдық іс-шараларды өткізбейтін діни орындарға да рұқсат бар

Қоғамдық тамақтану орындары 50%-ға дейін адам толтыра алады. Бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуіне рұқсат

Бұл талап компьютерлік клубтарға, боулинг орталықтарына да қатысты

«Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне ғана жұмыс істеуге рұқсат

Қатаң дезинфекциялық шараларды қолдана отырып, жұмыс кестесіне шектеу қойылмайтын нысандар да бар:

байланыссыз қызметтер, туристік компаниялар, бизнес орталықтары, медициналық ұйымдар, дәріханалар, азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер, ашық және жабық базарларға, жеке тұрған азық-түлік емес дүкендерге, моншалардың қызметіне

Comments are closed.