- Advertisement -

Талап – бәріне ортақ

86

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы облыс аумағында қаңғыбас жануарлардың санын реттеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Қала тұрғындары арасында облыстық мәслихат бекіткен ережелерге сәйкес  үй жануарларын ұстау, иттер мен мысықтарды асырау және жануарлар иелерінің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, буклеттер таратылуда.

Сондай-ақ, ветеринария басқармасымен қаңғыбас иттер мен мысықтарды гумандық жолмен аулау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қала көшелерінде қаңғыбас иттер мен мысықтар санының көбеюі, ең алдымен, жануарлар иелерінің жауапсыздығынан орын алады, иттер мен мысықтар қараусыз көбейеді, оларды ешкім емдемейді, вакцина егілмейді, соның салдарынан қаланың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігі нашарлайды және қоршаған ортаның ластануы орын алады.

Ветеринариялық талаптарға сәйкес, үй жануарлары жыл сайын құтыру және оба сияқты басқа да аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егіліп, эхинококкозға қарсы тоқсан сайын дәріленуі керек. Бұл жұмыстарды жүргізуге ең алдымен жануарлардың иелері жауапты, үй жануарын клиникаға апарып екпе жасатуы тиіс.

Иелігіндегі үй жануарлары бар тұрғындардың назарына иттерді байлап немесе аулада, вальерлерде ұстауды жеткіземіз, жалпы пайдаланымдағы аумақтарда иесіз жүрген барлық иттер аулауға жатады.

Егер сіз қаңғыбас иттер жиналатын орындарды білсеңіз, «109» диспетчерлік пунктіне немесе Тараз қаласының ветеринариялық стансасының диспетчеріне 54-13-33 телефоны бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support