- Advertisement -

Жүгірген аң, ұшқан құстың бәрі байлық

266

- Advertisement -

Облыс аумағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қанша және қандай жабайы жануарлар мен құстар мекендейтіні белгілі болып отыр.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жануарлар дүниесі, аңшылық шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Нұрғали Жұмаділдің айтуынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 3043 тұяқты жануар тіркелген. Бұдан бөлек, терісі бағалы 5143 аң, 44 үнді жайрасы мен 13171 құс мекендейді қаумалдарды.

– Бүгінгі таңда ерекше қорғалатын қаумалдардан бөлек облыстың аңшылық ісін пайдаланушыларына бекітіліп берілген аңшылық шаруашылықтарында былтырғы мәлімет бойынша 1020 елік,1149 сібір тау текесі, 612 қабан, 984 түлкі, 540 қарсақ, 990 борсық, 12333 қоян, 2573 саршұнақ, 3171 андатр, 37770 қырғауыл, 8102 құр, 8886 кекілік, 6102 қаз, 143485 үйрек, 80015 қасқалдақ, 20618 кептер, 3216 бөдене, 124 ұлар есепке алынған еді. Оларда да қазіргі таңда аң-құстардың саны артқан, – дейді Нұрғали Жұмаділ.

Жүгірген аң, ұшқан құстың бәрі де байлық. Сондықтан да өңіріміздегі тұяқты һәм қанатты аң-құстарды қорғап, сақтау, олардың көбейтілуіне жанашырлықпен атсалысу орманшылардың ғана емес, сіз бен біздің де адамдық һәм азаматтық қасиетті борышымыз екенін әсте ұмытпаған жөн.

Марат ҚҰЛИБАЕВ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support