Денсаулық

«Әскери антқа адал бол» онкүндік аяқталды

«Әскери антқа адал бол» онкүндік аяқталды

Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде «Әскери антқа адал бол» тақырыбында онкүндік өтті. width=

Онкүндік аясында жеке құраммен жарғыға қарсы қарым-қатынастың алдын алу және билікті асыра сілтеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жеке қарым-қатынастың проблемасы, әскери қызметшілер арасындағы жанжалды шешу, әскери ұжымды басқару психологиясы. Қылмыстық құқық-бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік тақырыптары бойынша сабақтар жүргізілді. Сондай-ақ, барлық санаттағы жеке құраммен тәрбие жұмыстары ұйымдастырылып, сұхбаттар мен әлеуметтік жағдайлары бойынша жасырын сұрақ-жауап алынды. Сонымен қатар, Әскери полиция бөлімі әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты Жамбыл Әбікеев құқық-бұзушылықтың алдын алу бойынша 82796 әскери бөлімінің жеке құрамымен сабақтар өткізді.

  • Бауыржан Момышұлы айтқандай «Тәртіп - тәрбиенің құлы, тәртіпті Отанның ұлы», тек әскери тәртібі мығым әскери ұжым ғана қойылған кез келген тапсырмаларды сапалы орындауға қауқары жетеді. Онкүндік аясында біршама іс-шаралар жүзеге асырылды. Тәртіпті нығайту бойынша жүргізілген тәрбие жұмысы іс-шаралар әлбетте өзінің оңтайлы әсерін тигізетініне сенім артамын, - деді 82796 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Біржан Азмұхаметов.

  Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов