«Әскери антқа адал бол» онкүндік аяқталды

91

Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде «Әскери антқа адал бол» тақырыбында онкүндік өтті.

Онкүндік аясында жеке құраммен жарғыға қарсы қарым-қатынастың алдын алу және билікті асыра сілтеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жеке қарым-қатынастың проблемасы, әскери қызметшілер арасындағы жанжалды шешу, әскери ұжымды басқару психологиясы. Қылмыстық құқық-бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік тақырыптары бойынша сабақтар жүргізілді. Сондай-ақ, барлық санаттағы жеке құраммен тәрбие жұмыстары ұйымдастырылып, сұхбаттар мен әлеуметтік жағдайлары бойынша жасырын сұрақ-жауап алынды.

Сонымен қатар, Әскери полиция бөлімі әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты Жамбыл Әбікеев құқық-бұзушылықтың алдын алу бойынша 82796 әскери бөлімінің жеке құрамымен сабақтар өткізді.

  • Бауыржан Момышұлы айтқандай «Тәртіп — тәрбиенің құлы, тәртіпті Отанның ұлы», тек әскери тәртібі мығым әскери ұжым ғана қойылған кез келген тапсырмаларды сапалы орындауға қауқары жетеді. Онкүндік аясында біршама іс-шаралар жүзеге асырылды. Тәртіпті нығайту бойынша жүргізілген тәрбие жұмысы іс-шаралар әлбетте өзінің оңтайлы әсерін тигізетініне сенім артамын, — деді 82796 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Біржан Азмұхаметов.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

2 Comments
  1. Ануар says

    Бауыржан Момышұлы шын айтқан «Тәртіп — тәрбиенің құлы, тәртіпті Отанның ұлы»

  2. Анара says

    Қазақ әскерлер жасасын!!

Comments are closed.