Жаңалықтар

Қадірменді жамағат!

Қадірменді жамағат!

Қадірменді жамағат!

Баршаңызды Рамазан айының келуімен құттықтаймын! Қасиетті рамазан айына баршамызды аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Ораза айында әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді. Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді. Биыл – елеміз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осынау мәртебелі жыл елемізге зор абырой мен табыс әкелсін. Халқымыздың мәдениетінің алтын өзегі Ислам дінінің негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан біздің діни таным-тарихымыздың тамыры ешқашан үзілген емес. Сол себепті ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі дініміздің қадір-қасиетін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың бойына киелі Отаны мен қасиетті жеріне деген ыстық ықыласты, сүйіспеншілікті қалыптастыруымыз қажет. Қадірлі жерлестер! Ұстаған оразаларыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз бен құлшылық-ғибадаттарыңыз қабыл болсын! Алла Тағала отбасымызға амандық, елімізге береке-бірлік, жерімізге тыныштық нәсіп етсін!