Саясат

Тағайындау

Тағайындау

25Жамбыл облысы мәслихаты хатшысының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №135 өкімімен Жамбыл облыстық мәслихатының аппарат басшысы болып Біржан Мықтыбекұлы Күзембеков тағайындалды.

Күзембеков Біржан Мықтыбекұлы 1979 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 2000 жылы Алматыдағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті және 2004 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін заңгер-құқықтанушы мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты жалпы бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2002-2005 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-кадрлық және бақылау жұмыс бөлімінің бас маманы, кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2005-2006 жылдары Жамбыл облыстық мәслихатының бас маманы. 2006-2009 жылдары Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы. 2009 жылы облыстық мәслихат аппаратының талдау және іс-жүргізу бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылы облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2013 жылы Жамбыл облыстық мәслихаттың аппарат басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.