- Advertisement -

Қардың қызыл суы да қауіп төндіреді

152

- Advertisement -

Еліміздің әр өңірінде су қоймаларының бұзылуынан, өзен-көлдің тасуынан, қалың қардың қызыл суынан елді мекендерді су алып кету оқиғалары орын алып жатады. Тіршіліктің нәрі санаса да, қазақ суды «тілсіз жауға» жатқызады. 2010 жылы 12 наурызға қараған түні Алматы облысының Қызылағаш ауылының тұсындағы су қоймасы бұзылып, бүтіндей бір ауылды су алып кеткен жайсыз оқиғаны ешкім ұмыта қойған жоқ. Бірнеше адам құрбан болды. Одан кейінгі жылдары солтүстік облыстарда да мұндай қайғылы жағдайлар қайталанды. Құдай бетін әрі қылсын, біздің облыста мұндай жағдай бола қоймаса да, 2005 жылы көктемде Сарысу ауданындағы «Ынталы» су қоймасына көп мөлшерде жиналған су 3-4 километр жердегі Саудакент ауылына қауіп төндіргені есімізде. Мұндай оқиға Талас ауданындағы Ақкөл ауылының іргесіндегі Ақкөл көлінің қоймасында да орын алып, ауыл жұртының түн ұйқысын төрт бөлген. Құдай сақтап, аудан басшыларының, тиісті құрылымдардың, тұрғындардың шұғыл әрекет етуінің нәтижесінде екі жолы да ауылдарды су басу оқиғасының алды алынды. Облыс аумағынан өтетін кей жылдары белгіленген мөлшерден су тым аз түсетін Шу, Талас және Аса өзендері де «тентек мінез» көрсетіп қоятыны бар. Мұндай жағдайлар әр жылдары Тараз қаласының іргесінде, Қордай, Мойынқұм және Байзақ аудандарында орын алғаны есімізде. Әйтеуір қауіптің бетін қайтарып, апатты жағдайға жол берілмей келеді.

Тауыл аймақтарда орналасқан Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов, Қордай және Талас аудандарының аумақтарына жоғарыдағы үш үлкен өзенмен қатар Қарақоңыз, Ырғайтты, Аспара, Меркі, Қарақыстақ, Қайыңды, Ақсай және Көксай өзендері де еріген қар суымен толығады. Күннің тез жылынуына байланысты облыстың барлық аудандарында биік бөктерден су ағыны орын алуы мүмкін. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Талғат Айтбаевтың мәлімдеуінше, «2021 жылғы көктемгі су тасқыны мерзімін өткізу және дайындық іс-шаралардың» ж о с п а р ы ә з і р л е н і п , бекітілген. Аталған жоспардың негізінде жергілікті атқарушы органдар су тасқыны мерзімінде судың апатсыз өтуінің алдын алу шараларын қолға алып жатса керек. 1207 километр дренажды канал және арық жүйелерін қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліпті. Автокөлік және темір жолдардың бойындағы 430 көпір мен 1164 су өткізу құрылғысы тазартылған. Облыс тұрғындарын, шаруашылық н ы с а н д а р ы н ж ә н е е л д і м е к е н д е р д і қ о р ғ ау ү ш і н өңірде гидротораптар мен су қоймаларының тұрақтылығын ж о ғ а р ы л а т у , с у ш а р у а ш ы л ы қ н ы с а н д а р ы н д а с у деңгейін реттеу шаралары жүргізілген. Киров, Тасөткел, Теріс-Ащыбұлақ сынды ірі су қоймаларының жұмыс кестесі әзірленіп, су мөлшері, ондағы ж ұ м ы с ы р ғ а ғ ы н б а қ ы л ау тұрақты түрде жүргізіліп жатыр екен. Қазіргі кезде Теріс- Ащыбұлақта – 63, Тасөткелде – 72, Кировта (Чоң-Қақпа) – 72 және Ынталы су қоймасында толымдығы жобалық көлемінен 78 пайызды құрайды.

Облыс бойынша 138 тонна жанар-жағармай және 11 мың тонна инертті метериалдардың қоры, 65 мыңнан аса қап дайындалған. Су тасқыны орын алған жағдайда халықты уақытша орналастыру үшін білім беру және мәдени нысандардан 41 қабылдау бекеті, 139 әртүрлі көлемдегі палатка, жатын жабдықтарымен 1900 төсек дайындалыпты. Дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін 56 денсаулық сақтау нысаны мен дәрі-дәрмек қоры да бар. Су тасу салдарының алдын алу және жою үшін облыстың азаматты қ қорғау аумақтық құрылымдарының күштерінен 638 адам, 278 техника мен 80 мотопомпа, облыстық төтенше ж а ғ д а й л а р д е п а рт а м е н т і н е н 380 жеке құрам, 74 техника, 21 жүзу құралы мен 35 мотопомпа жоғары дайындыққа келтіріліпті. «Қазавияқұтқару» акционерлік қоғамының «ЕС-145» тікұшағы Тараз қаласының әуежайында бақылау және зардап шеккендерді қауіпсіз аймаққа көшіру үшін кезекшілікке қойылған.

Көктемгі су т асқынының алдын алу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаменті осындай дайындық сапында көрінеді. Осы жерде мына мәселеге назар аударсақ дейміз. Тиісті құрылымдар өздерінің кәсіби міндетін сөзсіз орындайды, оған күмән жоқ, әрине. Алайда апат айтып келмейтінін ескерсек, жергілікті билік бар, тұрғындардың өздері де сақтық шараларын сақтауды естен шығармаулары керек. Мәселен, облыстық төтенше ж а ғ д а й л а р д е п а рт а м е н т і н і ң хабарламасына қарағанда биылғы 27 наурызда Тараз қаласында жауын-шашын мен тазартылмаған арықтардың салдарынан төрт аула аумағын су басқан. Басқан судың деңгейі 20 сантиметрге дейін көтерілген. Департаменттің және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 21 адам, бес техника және екі мотопомпа суды сору және бұру каналын орнату бойынша шұғыл әрекет етіп, 3700 текше метр су сорылған. Әйтеуір жіті қимылдаудың нәтижесінде тұрғын үйлерді су басу қаупі болмаған. Облыс орталығында екі күннен кейін 28-29 наурыз аралығында да тағы да тазартылмаған арықтардың саладарынан 17 ауланы су алған. Б ұ л жол ы д а т и і с т і м е ке м е қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, тұрғын үйлерді су басу қаупінен сақтап қалды.

Жуалы ауданында да 28 наурыз күні жауын-шашыннан ағын су пайда болып, Қоңыртөбе ауылындағы аулаларды су басып, Майбұлақ ауылында бес үйдің ауласын су алған. Ал Жұрымбай аулынан екі километр жерде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері, бір техниканы жұмылдырып, балшыққа батып қалған техникадан бір адамды алып шыққан. Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында да бес ауланы су алған. Мұнда да департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен бірлесіп әрекет етулерінің нәтижесінде тұрғын үйлерді су басу қаупіне жол бермеді. Облыс бойынша барлығы 30-дан астам аула аумағына су жайылған.

Наурыз айының соңғы күндеріндегі жауын-шашынның м ол т ү су і н е н аул а л а рд ы су басып қалғанымен, үй-жай аман. Ауылдағылар үйлерінің іргесіндегі су ағатын арық, каналдарға күл- қоқысты неме с е тұрмыстық қалдықты тастай салады. Осыдан барып арықпен келетін су немесе қар суы болсын ауланы ғана алып кетпей, тұрғын-жайға да қауіп тудырады. Оны енді ауыл әкімдігінің н е м е с е т ө т е н ш е ж а ғ д а й л а р департаментінің қызметкерлері тазалап, аршып беруге тиіс емес. Әркім көктем келіп, күн жылт етісімен өздері аршып, ретке келтірулері қажет. Қалалықтарда қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды арық пен канал бойларына тастай салмай, арнайы орындардағы контейнерлерге тастау керек. Мұндай әрекет көбіне балаларды жұмсаудан орын алып жатады.

Осыдан үш-төрт жыл бұрын Тараз қаласындағы екінші шағын аудандағы №9 үйдің ауласының іргесінен өтетін арық бітеліп қалып, ауланы су алып кеткен. Жертөлеге су құйылып, жерасты арқылы тартылған электр желісіне су тиеді деп жанұшырған тұрғындар қалалық әкімдіктің тұрғын-жай, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне телефон соғад ы. Көп уақыт өтпей-ақ келген коммуналшылар аула іргесінен өтіп жатқан арық суын байлап тастады. Содан бері ауладағы су көрмеген тал-дарақ шіріп, құлап жатыр. Бұл бір ғана мысал. Мұндайдан кейін қала көркі туралы әңгіме қозғаудың өзі артық. Облыстық әкімдікте өткен жиындардың бірінде қаланы суландыру мәселесі арнайы күн тәртібіне шығарылғаны бар. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сол кездегі қала әкіміне нақты міндеттер жүктеген болатын. Қаланың жаңадан тағайындалған әкімі Ержан Жылқыбаев өткен аптада зиялы қауым өкілдері және ардагерлермен кездескенде көзі бітеліп қалған арықтың жайы, тіпті кей жерлерде су жүретін арық, каналдың жоқ екені туралы белгілі жазушы Елен Әлімжан нақты мысалдармен жеткізді.

О бл ы с ә к і м д і г і н і ң ау ы л шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов «Aq jol» газетінің биылғы 1 сәуір күнгі №36 санында «Қым-қуыт тірлік жылдың төрт мезгілінде де қайнап жатады» атты сұхбатында су шаруашылығы нысандарындағы жөндеу жұмыстарына кеңінен тоқталғандықтан оған қайта айналып соғудың жөні жоқ шығар. Әйтеуір тиісті құрылымдар тарапынан күзгі су тасқынының алдын алу шаралары қолға алынған сыңайлы. Төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда шұғыл әрекет ету де жан- жақты ойластырылып, адам күші де, жеткілікті техника да дайындық сапына қойылыпты. Дегенмен өзен- көлдің де, су қоймасының да, қардың қызыл суы да қауіп төндіретіндіктен, «Сақтықта қорлық жоқ» екені әрбір саналы азаматтың есінен шықпаса дейміз.

Амангелді Әбіл

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support