- Advertisement -

Парасат жолындағылар жемқорлықтан қашық жүреді

148

- Advertisement -

Жамбыл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырысы өтті. Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева қатысты.

Отырыста 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау  және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға жүргізілген ішкі талдау  қорытындылары шығарылып, аудан әкімідігінің аппарат басшысы Жомарт Телеудің  баяндамасы тыңдалды. Ішкі талдау есебі бойынша 1 ғана кемшілік анықталғандығы Агенттік өкілі тарапынан сынға ілінді. Бұл өз кезегінде талдаудың жүйелі жүргізілмегендігі және жауапты мамандар өзіне жүктелген міндетке немқұрайлы әрекет етуінен болғанын айтты.  «Сыбайлас жемқорлыққа негіз болған құбылыстардың себептері мен жағдайларын жоймай, құқықбұзушылықпен күресу мүмкін емес. Халық қандай да бір басшының жауапқа тартылып қана қоймай, олар қызмет еткен мемлекеттік органдардың жұмысында оқиғалардың қайталануын болдырмайтын түбегейлі өзгерістер орын алғанын көруі керек» деген Жазира Жақсылыққызы ішкі талдаудың сапалы әрі шынайы жүргізіліуін ескертті.

Сонымен қатар, әр мекеме басшысы жемқорлық тәуекелдерін өздерінің ішкі талдау барысында анықтап, кемшіліктерді жоюға мүдделі болу тиіс. Дер кезінде анықтау,  іс жүзінде  сыбайлас жемқорлық қылмысының артуы емес, оның айқындалуының артуы. Бұл ретте, Агенттіктің  қолданып жатқан түбегейлі жаңа тәсілдерді ескерсек, бұл әбден болуы мүмкін. Әр мекеме басшысы ештеңені жасырмай, керісінше барлық ақпаратты тиісті деңгейде ашықтығын қамтамасыз етуі керек.  Төраға кеңесшісі Жазира Жылқышиева, сыбайлас жемқорлық қылмысының бірде-бір фактісі көлеңкеде қалмай, дер кезінде жою басшының өзіне тиімді екендігінде түсіндіре өтті.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан республикалық «Парасат жолы» жобасының басшысы С.Түгел сөз алып, қатысушыларға жобаның маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды. «Қазақ «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді.  Ал «Парасат жолы» орталығы дәл осы бағытта жұмыс істейтін жүйе. Парасат жолына  түскендер жемқорлықтан қашық жүреді. Қазақты сырттан келіп жау алмайды. Оған тарих куә. Ал іштен шыққан жау – жемқорлықты жоймасақ, өте үлкен күйреуге ұшыраймыз. Бұл өте ауыр дерт. Ал, жемқорлық халық пен мемлекеттік органдар бірлесіп жұмыс істегенде ғана жойылады» деп жазушы ойын қорытындылады. Жиын соңында айтылған сын ескертпелер назарға алынып, ағымдағы жылдың жарты жылдығында сапалы  ішкі талдау жүргізілуі ескертілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support