Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері «Қордай – Ақ Жол» жаңғыртылған өткізу пунктін ашты

Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері «Қордай – Ақ Жол» жаңғыртылған өткізу пунктін ашты

 

 width= width=

Премьер-Министр Асқар Мамин мен Қырғызстанның Премьер-Министрі Улукбек Марипов Үкіметаралық кеңестің IX отырысын өткізіп, екі елдің мемлекеттік шекарасында жаңғыртылған «Қордай – Ақ Жол» өткізу пунктінің ашылу рәсіміне қатысты,- деп хабарлайды primeminister.kz сайты. Сонымен қатар Үкіметаралық кеңес отырысында сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, су-энергетикалық, транзиттік-көлік, туристік, ғарыш және IT салаларындағы, өнеркәсіптік кооперациядағы, сондай-ақ білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және еңбек көші-қоны, қоршаған ортаны қорғау, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы, ЕАЭО және басқа да интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды. Тараптар «Қарасу – Ақ Тілек» өткізу пунктінде «Алатау» бірлескен Трансшекаралық сауда орталығын (ТСО) құру перспективасын талқылады. Орталық базасында жеміс-көкөніс өнімдерінің заманауи қоймаларын, сондай-ақ сертификаттау, санитарлық және фитосанитарлық бақылау органдарын орналастыру көзделіп отыр, бұл АӨК өнімдерін қайта өңдеудегі ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады. ТСО алаңында Қазақстан мен Қырғызстан өнеркәсіптік кооперациясын дамыту үшін индустриялық аймақ құру жоспарлануда. Қырғызстанның Шу және Ыстықкөл облыстарында жалпы инвестиция көлемі $25 млн құрайтын және ауыстырып тиеу қуаты жылына 26 мың тонна болатын көтерме-тарату орталықтарын салу мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы, «Бесағаш — Кичи Капка» өткізу пунктін және Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы басқа да өткелдерді жаңғырту, екі елдің Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу, тау бағыттары бойынша туристік топтар ұйымдастырған мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі туралы үкіметаралық келісім жасасу және т. б. талқыланды. Қазақстан Үкіметінің басшысы инфрақұрылымда, көлікте, өнеркәсіптік кооперацияда трансшекаралық байланыстарды күшейтуге, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ауқымды толассыз интеграциялық жобаларды іске асыру арқылы ЕАЭО шеңберінде екі елдің инвестициялық ынтымақтастығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. А. Мамин сондай-ақ навигациялық пломбаларды пайдалану тәжірибесін кеңейту және фискалдық органдардың мәліметтерімен онлайн алмасу арқылы екі ел арасында тауарлардың өтуі үшін «жасыл дәліз» құру қажеттігіне назар аударды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан жақында Қырғызстанға 10 мың тонна бидай ұны және 1 мың тонна күздік бидайдың өнімділігі жоғары тұқымы түрінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 9-шы отырысының хаттамасына, сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО» АЭА мен Қырғызстанның «Нарын» АЭА арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Үкімет басшылары жаңғыртылған «Қордай (Қазақстан) — Ақ Жол (Қырғызстан)» өткізу пунктінің ашылу рәсіміне қатысты. 2020-2021 жылдары жүргізілген қайта жөндеуден кейін өткізу пунктінің құрылыс алаңы 3,5 есе, 4,9 мың шаршы метрге дейін, қозғалыс жолақтарының саны 2-ден 8-ге дейін, паспорттық бақылау кабиналарының саны 13-тен 34-ке дейін ұлғайтылды, заманауи инспекциялық-тексеру кешендері орнатылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде пункттің өткізу мүмкіндігі тәулігіне 1 мыңнан 2,5 мың автомобильге дейін және 6 мыңнан 25 мың адамға дейін өсті, бұл Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға мультипликативтік әсер етеді.