Театр қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі
Театр қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі
Еліміздегі өңірлік театр қызметкерлерінің жалақысы көтерілетін болды. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнер мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Министрдің айтуынша, аймақтардағы мәдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген мамандардың жалақысы 2015 жылдың шілде айынан бастап өседі. Қазір айлық төлеудің жаңа моделін еліміздегі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жетілдіруде. Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі: – Айлықтың жаңа түрінде көптеген өзгерістер бар. Біріншісі, әр азаматтың сіңірген еңбегіне, өтіліне, тиімділігіне қарай өсіріледі. Егер осы шараларды іске асырсақ, әрине біздің театр қауымдастығының айлығы, театрда істеп жүрген адамдардың айлығы мүлдем басқаша болады.