- Advertisement -

Әлем кубогінде топ жарды

110

- Advertisement -

Ұлыбританияның Манчестер қаласында пауэрлифтингтен дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында әлем кубогі аламаны ұйымдастырылды. Осынау додада жамбылдық саңлақ топ жарып, сенім үдесінен шыға білді. Жалпы айтулы аламан тартысқа толы жағдайда өткені талас тудырмайды. Өйткені әрбір спортшы әлем кубогінде топ жаруға талпынады. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жарыста қазақстандық спортшылар ұдайы жақсы нәтиже көрсетіп келеді.

Әлемнің 25 мемлекетінен 180 спортшы бақ сынаған аламанға Қазақстанның паралимпиадалық құрамасы жеті спортшы апарған (ересектер және жастар) болатын. Кілең «сен тұр, мен атайын» деуге лайық сайыпқырандар бақ сынаған жарыста қазақстандық спортшылар да ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Олардың қатарында жерлесіміз, Қазақстан Республикасының спорт шебері Ерболат Кәрібай да бар. 49 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол жастар арасындағы әлем кубогі додасының жеңімпазы атанды. Жалпы ол әлем кубогі аламанына тыңғылықты дайындықпен аттанған еді. Осы додада Ерболат Кәрібай халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындағанын айта кеткен жөн.

Ерболат Кәрібай облыстық дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубында жаттығып жүргенін жанкүйерлер жақсы біледі. Руслан Греев сынды білікті бапкерден тәлім алған ол алдағы уақытта да зау биіктерді бағындыратыны сөзсіз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support