- Advertisement -

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – жалпы мемлекеттік мәселе

33

- Advertisement -

Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті, жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады.

         Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің негізіне нұқсан келтіріп, экономикалық дамуды тежейді. Ол қоғам мен бизнеске аса теріс әсер етіп жүргізіліп жатқан экономикалық әрі әлеуметтік реформаларға кедергісін келтіреді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – жалпы мемлекеттік мәселе және мемлекет осы жемқорлықтың деңгейін төмендету мақсатында барлық күшін жұмылдыруда.

     Тәуелсіздігін алған сәтінен бастап Қазақстан мақсатты түрде кезең-кезеңмен жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық тетіктерін құрып келеді.

          Елімізде сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнетін тікелей қатер дәрежесіне дейін көтерілген және оған қарсы күрес жүргізудегі мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіру көзделген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманға сай заңнамамен қоса бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылдануда.

         Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты.

Бұл бағытта бірқатар маңызды міндеттер атқарылған, атап айтқанда, Қазақстан халықаралық ГРЕКО ұйымына мүше болды, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы анықталған жағдайда оның басшысының қызметінен босатылуы заңмен бекітілді, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйақы, сыйлық немесе қызмет алуына толық  тыйым салынды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстары күшейтілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізу мақсатында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігі электронды форматқа көшірілді.

Елбасы айтып өткендей: — «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет».

 

 

Жамбыл облысы Әділет

департаментінің бас маманы

Қуатбеков Ғалымжан Қанатұлы

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support