Мемлекеттік қызметші әдеп қағидаларын сақтауға міндетті
Мемлекеттік қызметші әдеп қағидаларын сақтауға міндетті
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына көрсетілгендей, мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттерінің бірі қызметтік әдепті сақтау болып табылады. Яғни, мемлекеттік қызметшілер:
- заңдылық қағидатын басшылыққа алуға;
- мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге;
- мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
- жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
- қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпеуге;
мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға міндетті. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қабылданған мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы Қуатбеков Ғалымжан Қанатұлы