- Advertisement -

Мемлекеттік қызметші әдеп қағидаларын сақтауға міндетті

42

- Advertisement -

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына көрсетілгендей, мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттерінің бірі қызметтік әдепті сақтау болып табылады. Яғни, мемлекеттік қызметшілер:

  • заңдылық қағидатын басшылыққа алуға;
  • мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге;
  • мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
  • жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
  • қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпеуге;

мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға міндетті.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қабылданған мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

 

 

Жамбыл облысы Әділет

департаментінің бас маманы

Қуатбеков Ғалымжан Қанатұлы

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support