- Advertisement -

«Жас Алаш» — жастар газеті

247

- Advertisement -

«Парасат жолы» жобасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Жас Алаш» газетінің негізі қаланғанына 100 жыл толуына орай «Жас Алаш» — жастар газеті» әңгіме алаңын ұйымдастырды.

Әңгіме алаңына Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, ардагер журналист, қаламгер Қалыбек Атжан, облыстық «AQ JOL» газетінің бас редакторы, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Оралхан Дәуіт, «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Нұрболат Әлдибеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев қатысты.

Іс-шараға қатысушылар ғасырлық тарихы бар 1921 жылдан бастап «Лениншіл жас» деген атпен жарыққа шыққан қазіргі «Жас Алаш» газетінің басты мәселелеріне тоқталып, жастарға жарқын жол ашқан жаңалық жаршысы екендігін атап айтты.

Басылымның ғасырлық мерейтойы қарсаңында «Лениншіл жасқа» еңбегі сіңген ардагер журналист Қалыбек Атжан басынан өткерген, қызығы мен қиындығы қатар жүретін басылымда қызмет еткен жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, жаңашылдықты игерген газеттің жастарға берері мол екендігін жеткізді.

Ұйымдастырушылар ұлт мүддесін қорғап, құндылықтарымыздың қадірін білуге шақыратын, өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтін, жас буынға шығармашылық еркіндік беріп, жаңа бастамаларды әрдайым қолдап отыратын газеттің ғұмыры ұзақ болсын деген тілек білдірді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support