- Advertisement -

«Екеуміз сүйетін бұл өмір»

110

- Advertisement -

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылар Одағында  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында жалпы халықтық оқуға кітабы таңдалып алынған ақын, жазушы Тоқтарәлі Таңжарықпен “Екеуміз сүйетін бұл өмір” атты онлайн поэзия кеші өтті.
Кеште ақын қазіргі поэзияның жай-күйі, өлеңдегі мінез бен өмірдегі мінез, ақ өлеңнің тарихы, әлемдік әдебиет, қазақ прозасындағы алғашқы шығармалардың ерекшелігі, ондағы көркем-әдеби тілдің құндылығы жайлы әңгіме өрбітті.
Поэзия мен проза жанрына қалам тербеудің қиындығы мен ғажабы, өміріндегі оң өзгерістер, поляк тіліне аударылған кітабы, Эстония, Венгрия, Швеция, Болгария елдерінен жиналған ақындармен бірге Польшадағы кітабының тұсаукесеріне барған сәтіндегі қуанышымен бөлісті.
Онлайн түскен оқырмандар сұрағына жауап беріп, бірнеше қызықты сауалдарға ой кешіп жауап берді. Соның ішінде, ойлы адамның ойсыз өмір сүре алмайтынын дәлелдегендей, қайта мамандық таңдау бұйырса физика ғылымын таңдайтынын айтып таңдандырды.
Шығармашылығынан бірнеше өлеңдер оқып, Тараз халқына сәлемін жолдады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support