- Advertisement -

Ауыл тұрғындары Наурыз көжеден ауыз тиді

139

- Advertisement -

Облыстық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Берік Тлебаев әз-Наурыз мерекесіне орай Қызылжұлдыз ауылының тұрғындарына Наурыз көже таратты.

Елдімекенде орналасқан Бейшен ата мешітінде жайылған ақ дастарханға қариялар да, жастар да жиналып, қастерлі дәмнен ауыз тиді. Шара барысында үлкендер бата беріп, еліміздің көркейе беруіне, тұрғындардың ынтымағының нығая түсуіне тілектестік танытты.

«Ұлыстың ұлы күні халқымыз үшін ұлық мейрам екенін бала кезімізден санамызға құйып өстік. Байырдан келе жатқан баба дәстүрін жалғау ниетімен ағайынның басын қосып, ұлттық тағамымызды ұсынуды жөн көрдік. Осы игі бастама жалғасын тауып жатса, елдің құты емес пе? Көпшілік көріскен сайын бірлігі артып, бауырмалдық кеңейеді. Біздің де мақсат осы», — дейді Берік Қанатұлы.
«Ақ жол» — ақпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support