- Advertisement -

300 қойымен адасып кеткен шопан екі күннен кейін табылды

225

- Advertisement -

Мойынқұм ауылының тұрғыны «Сұңқар» шаруа қожалығының жетекшісі өзінің қол астында жұмыс істейтін шопаны 13 наурыз күні Меркі ауданы құмды алқабында, малын бағып кетіп, содан қайтып келмегенін полиция бөлімшесіне хабарлаған.

Меркі және Мойынқұм аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен жедел тергеу тобы құрылып, 300 бас қойымен жоғалып кеткен шопанды іздестіру жұмыстары жүргізген. 15 наурыз күні адасып қалған шопанды малымен араға екі күн өткен соң тапқан.

Адасып қалған шопан мен «Сұңқар» шаруа қожалығының жетекшісі Меркі, Мойынқұм ауданының полиция бөлімі тергеу бөлімшесі, криминалдық полиция бөлімшесі және учаскелік полиция қызметкерлеріне өзінің алғысын білдіруде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support