- Advertisement -

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленді

230

- Advertisement -

Педагогикалық үздік жетістіктері және елімізге сіңірген айрықша еңбегі үшін Жамбыл облысының  үздік ұстаздары Мираш Бегілдаева және Айгүл Қалмаханова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталды.

Ел тарихында мұндай марапатпен педагогтар алғаш рет марапатталды.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес тағайындалған  мемлекеттік награданы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  табыс етті.

Мемлекеттік марапатқа ие болған Мираш Бегілдаева – облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі, бірқатар халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, шәкірттері Ұлттық бірыңғай тестілеу сынынан жыл сайын жоғары нәтиже көрсетуде.

Ал Айгүл Қалмаханова — Жамбыл ауданындағы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2019» республикалық байқауының жеңімпазы, «Әлем педагогы» байқауына іріктелген 10 мұғалімнің қатарына енген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support