- Advertisement -

Қоғам және әлеуметтік тұлғалар

139

- Advertisement -

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі.

 

Қоғам мен билік арасындағы ажырамас қарым- қатынастардың шынайылығы мен беріктігі мемлекеттің өркениет жолында дамуы мен өркен жаюының ең тиімді әрі ықпалды кепілі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылға жуық мерзімдегі кезеңінде еркін ұлт, дербес ел ретінде төрткүл дүние мойындап, қарқынды өркендеуі, әлеуеті күшті, қабырғалы мемлекеттердің қатарынан көріне білуі Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси ерік-жігері мен татулық пен бірлікке, ынтымақ пен достыққа негізделген ішкі және сыртқы саясатты парасаттылықпен, терең ақыл-оймен жүргізуінің арқасы деп санаймыз. Бұл халықтың жүрегінен мықтап орын алып, мақтан етерлік тарихи ақиқат. Дөңгелеген дүниеде қазақ деген ұлттың мол ғажайып рухани әлемін төрткүл жаһандық төрге оздырған тұлғаның есімі мен еңбегі айрықша ұлттық сипатқа айналды. Оны аялау кешегі ғасырлар бойы аңсаған, бүгінгі ұрпақтың алдынан жарқырап шыққан шұғылалы егемендікпен бірге келген елдік болмыс екені рас.

Адам бойындағы ұлы сезімдер шыр етіп дүниеге келген, ана әлдиін төл тілінде естіп, жүрек ұясына құйған шақтан бастап өзінің кім екенін, қай ұлттың ұрпағы екенін ұқтыра алары табиғи заңдылық. Ал ұлттың қадір-қасиеттері мен жаратылыс болмыс-бітімін ел- жұрттың ұлттық құндылықтарымен және өткен жолын қандай тарихымен құрметтеуді түбегейлі ашық айқындау, қандай да бір аса зор идеологиялық қарудан да күшті әрі бағалы. Елбасы ұлттың ұлы бақыты – Қазақстан жаңа үшінші мыңжылдықта дербес мемлекет болып қадам басуын қуанышпен жария еткенде, жүрек кернеген айбынды да айбарлы «Қазақстан тарихында қазақ ұялатындай ештеңе де жоқ!» деген аталы сөзі арқылы халқымыздың рухани ірілігі мен адамзат тарихындағы арлы да ақылды ұстанымын мызғымастай бекемдеп берді. Ал «Бүкіл төл тарихымызды бірігу тарихы» деген ордалы ойымен ұлтты күшейту тарих толқынында қасиетті қазақ жеріне еріксіз табаны тиген сан түрлі этнос өкілдерін бауырына басып, құшағына алған адалдық пейілін нығайтып, өзара бірлік пен татулықты сақтайтын мәдениетімен мерейлі, мейірімге толы қадамның табысты болатынын ұдайы еске салып отырды. Халқымызбен мыңдаған жылдар жасаған дәстүріміз бен шексіз дүниетанымымызға көпұлтты қазақстандықтардың ортақ келісімі мен бірлігін қалыптастырудағы жаңашылдық пен бастамашыл қадамдар өзінің нәтижесін де, жемісін де, жеңісін де берді. Осыншама сара да, дара да саясатына әлем мен әлемдік саясаттың тұтқасында отырған саясаткерлер Н.Назарбаевтың жаңа даму жолын таңдайларын қаға отырып, бейбітшіліктің туын көтерген жаңа мемлекеттің болашағына үлкен сенім биігіне көз тастағанын ешкім ұмыта қойған жоқ.

Өйткені осы аралықта өркениет кеңістігінен Қазақ елінің мәдениеті мен тарихи жетістіктері өзінің лайықты орнын тапты. Өмірдің талай өткелі мен талай сынағынан өткен аға ұрпақ өкілдері ел Тәуелсіздігінің 30 жылға жуық тарихи қалыптасуы мен даму кезеңінің бір жылы да, бір айы да, бір күні де, бір сағаты да босқа өткен жоқ екенін жақсы біледі. Аса зор қуанышпен еске алады. Өркендеу мен алға ұмтылудың, жан аямай еңбек етіп, экономикалық, әлеуметтік және рухани әлеуетінің күшейе түсуіне әлеуметтік тұлғалар мен мемлекет және қоғам қайраткерлерінің өнеге көрсеткен, үлгі болған және елтұтқа азаматтар ретінде толыққанды танылған айрықша уақыты болды. Отыз жылда ойға алғанымыздың оң болып орындалғаны әлбетте, ортақ табыс және елдік асыл мұраттың еншісінде, шежірелі тарих болып жазылары хақ. Саясатшы даналығының жемісі халқымыздың әл-ауқатының жыл өткен сайын еселеп артуы мен адамдардың өмір сүру сапасының жақсара түскенінен анық байқалады.

Егемендіктің елең-алаңында қандай едік, енді жаңа Қазақстанда қалай болдық? деген орынды сауалға нақтылай айтқан жауап сөзді көпті көрген қазына қариялар мен әжелеріміз, оқып-тоқығанын ойға түйген орта буын өкілдері мен жаңа заман ұрпақтары ешбір қысылып-қымтырылмай, тайсалмай, шегінбей, жеңілмей, тек мақтаныш сезімімен айта білетініне еш күмәніміз жоқ. Өйткені қысылған заманда, қиындық жағадан алған өтпелі кезеңдерде әлеуметшіл тұлғалардың туары ақиқат. Кейін келе-келе сол тарихи әлеуметшіл тұлғалардың ұлтының төлқұжатына айналары да сөзсіз.

Ал Қазақстанның мемлекеттік рухани ұстанымы, адамгершілік қуаты мен өркениеттілік деңгейі ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің белсенділігіне қарай айқындалып отырды. Сондықтан да қабырғалы қоғамда жазушы, ғалым, өнер саңлақтарының сөзі әрқашан өтімді.

Алты қырды айнала жүгірген асыл арманымыз сағымнан ақиқатқа айна лып, ұлттық деңгейіміз естиярлық белгісіне көтерілген шақта кеше әлі ерте болған, ал ертең кеш болып қалуы мүмкін сәттері де интеллигенция өкілдері саясат сахнасында шоқтай жанғаны әлі есімізде.

Бүгінгі ұрпақ қана емес, келер ұрпақ ұмытуға тиіс емес әлеуметтік тұлғалар тіптен мемлекетшіл қайраткерлер тұғырынан табылды. Елдің жоғын жоқтап, мұның мұңдаған арыстардың ел Тәуелсіздігінің күрескерлік рухында үн қатып, жер мен тіл үшін, әлеуметтік қолдау үшін білім мен еңбегін аямай жұмсап, таусыла тер төккен сәттерін құрметпен ауызға алып, тағзым ету тек олардың аманатына тік тұру ғана емес, жадыдан ұлт тарихын естен шығармау және әрдайым ояу болу. Қалғып кетпеуіміз керек.

Елбасының батыл қолға алған сарабдал саясатын қолдай отырып, сенімді серігі болған әлеуметшіл азаматтардың жүзі жарқын болғанына еш күмәніміз жоқ. Сын сағаттарында, тағдырлы кезеңдерде халық қалаулысы болған Салық Зиманов, Сауық Тәкежанов, Сұлтан Сартаев, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбайұлы, Николай Акуев, Өмірбек Жолдасбеков, Манаш Қозыбаев, Қаратай Тұрысов, Зинаида Федотова, Марат Оспанов және басқа да көптеген ақылды тұлғалардың, білімпаз адамдардың, қайраткер қаламгерлердің Парламент қабырғасында атқарған ерен қызметі мен қоғамға сіңірген еңбектерін ерекше атап өткеніміз, ұмытпағанымыз абзал. Туған жұрты алдында қарызы мен парызын еселей орындап, өздеріне сол уақытта артылған салмағы ауыр жүкті жеріне жеткізіп қойғаны үшін мың мәрте алғыс айтуға тиіспіз. Бізге олар бақыт-бағасын білгеннің басында ғана тұрады деген ілім-ақылды санамызға сіңіріп, ұлттық намыс пен ұлттық абырой жолында қызмет етудің үлгісін үйретті және айқара ашық көрсетті. Қоғамдық сана мен азаматтық моральға сыйымды құндылықтарды қастерлеу, әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру, пікір алуандығын құрметтеу және саясатты мәдениет соқпағына түсіру, сөйтіп бірліктің темірқазығына айналар идеологиялық мәселені өркениетті түрде ықпал ету тәсілін де көрсетіп берді.

Қазақстан қоғамындағы рухани келісім сабақтастығын орнықтыру бүгіндері де өте өзекті мәселе ретінде күн тәртібінен түскен емес. Ірі әлеуметтік тұлғалардың ақыл-ойы мен парасат-пайым қазынасынан ұлтқа керекті, ұрпаққа пайдалы, қоғамға маңызды өткір мәселелерді көтеріп, оны шешу жолдарын, тәрбиелі жағын, танымды тұсын пайымдасақ, одан кім ұтылмақ?

Әлеуметтік ниет, мемлекеттік қадір-қасиеттерің бар болса, туған халқыңа қызмет етуден артық не болмақ?

Қоғамның бағын ашатын әлеуметтік тұлғалардың қатары уақыт өткен сайын көбейе түскені абзал. Бұл әрбір қоғам қайраткеріне, қарапайым да зерделі зиялы қауымға, белгілі бір кәсіби маман иесіне әлеуметтік жауапкершілігін жүктейтінін жете түсіне түсуіміз қажет-ақ.

«Халыққа адалдық бір адамға адалдықтан басталады» деген данышпандардың дәйегі дұрыс. Түсінген жанға бұл ұлы бабаларымыздың сарқылмас аманаты. Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамда әрбір игіліктер мен табыстардың түпкі өзегі азаматтық белсенділікке байланысты екенін жақсы түсінеміз.

Бүгінде жалпыхалықтың аса зор сеніміне ие болған еліміздегі билеуші партия «Nur Otan» – қоғамымыздағы жетекші саяси күш. Бүгінде ұлт мүддесін алға қойған партиямыздың өзіндік дәстүрі, қол жеткен табысы мен тәжірибесі, қатары қалың жақтастары бар. Партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасы отандастарымыздың тарапынан үлкен қолдауға ие болып, үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында өткен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар салауында айқын жеңіске жеткені көпке аян. Республикалық Сайлауалды бағдарламасы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада толық көрініс тапты. Алға қойған міндеттер әр өңір, әр қала мен әр аудан бойынша айқындалған.

Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, партияның Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиналысында партияның Сайлауалды бағдарламасын тиімді жүзеге асыру және партиялық бақылауды күшейту туралы нақты тапсырмалар берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісіндегі депутаттық фракциясының партияның 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасын орындаудың «Жол картасын» іске асыру жөніндегі бірле скен жұмысы қара лды. Түйіндеп айтсақ, әр өңірде атқарылатын жұмыстың нақты индикаторы және мерзімі, жауапты тұлғалары белгіленді. Маңызы зор, мәртебесі биік және аса жауапты депутаттық басқосуда халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл- ауқатын арттыру жұмысын бақылау мен қадағалауға депутаттардың да жауапты және ұдайы жүйелі жұмыс істеуге міндетті екенін түйіндеді.

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде «Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілетін болады. Барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз керек. Басты басымдық – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл- ауқатын арттыру. Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді. Халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жемісті болғанын қалайды. Біз осы мақсаттағы ауқымды жұмыстарға барлық белсенді азаматтарды тартамыз» деп атап көрсетті. Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр. Бұл – сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу деді. Сондай-ақ Парламент – ел мүддесі үшін аянбай қызмет ететін қайнаған жұмыс ортасы деп те айқындап берді. Сонымен қатар депутаттарға халқымыздың оң өзгерістер күтетінін әрдайым есте ұстаған абзал екеніне ерекше тоқталып, шешім қабылдау кезінде асқан жауапкершілік танытуға шақырды.

Ел дамуына серпін беретін әлеуметтік бағдарламаларды мүлтіксіз жүзеге асыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту міндеттерін орындауға айтулы азаматтар мен «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелерінің қатысуы, оның ішінде әрбір еңбек адамының әлеуметтік тұлғалардың азаматтық ұстанымы сөз жоқ, қоғамның бағын ашады, көпұлтты халқымыздың мерейін үстем етеді. Елді абыройлы, әділетті қоғам биігіне көтереді. Бұл уақыт талабы, заман сұранысы. Ал барша қазақстандық қоғам осы талап үдесінен көрінуге тиіспіз.

 Нұр-Сұлтан қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support