- Advertisement -

25 ойыншының 4-еуі легионер,18-і жергілікті жігіттер

144

- Advertisement -

Бірер күннен соң Қазақстан Премьер лигасының биылғы футбол маусымы басталады. Өңірдің намысын қорғайтын «Тараз» футбол клубы алдарына үлкен мақсат қойып отыр. Команда құрамы бірқатар легионерлермен және жергілікті талантты ойыншылармен толықтырылды. «Тараздың » жейдесін киетін 25 ойыншының 4-еуі ғана легионер болса, 3-еуі еліміздің өзге өңірлерінен, ал 18-і әулиеаталық футболшылар. Сондықтан ойыншылар өз өңірінің намысын қорғауда барын салып ойнайды деген үміттеміз. Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Тараз» футбол клубының ойыншыларымен кездесіп, оларды жігерлі ойнауға, жанкүйерлердің сенімін ақтауға шақырды.

– Сіздермен үлкен аламанның  алдында жүздесіп, жігер беруге,əңгімелесуге арнайы келдім. Клубдиректоры Та лғат Тұрлыбайұлыбасқарған ұжымға, бас бапкер ВарданМинасянға сенім артамын. Ол баптаған«Арарат-Армения» командасы өздерініңжоғары лигасында екі рет чемпионболған. Жамбыл футбол мектебіненде т а лай т а лантты футолшыларшыққаны белгілі. Сондықтан бізде«Өзіміздің жігіттеріміз ойнау керек»деген талап бар. Сол мақсатта Қаратауқаласындағы стадионды жөндетіп,бірінші лигада өнер көрсететін «Игілік»командасын жасақтадық. Ол командадакөзге түскендер «Тараздың» құрамынаалынуы тиіс. Облыс футболыныңболашағы жолында жасалып жатқанқамқорлықтар аз емес. Өңірде көптегенфутбол алаңшалары салынды. Олалаңда қазір өзіміздің қара домалақтаройнап, футболға қызығушылықтарынарттырып келеді. Əр ойыншыға жігер,сенім, сəттілік тілеймін, – дегенБердібек Машбекұлы осылайша өңірдефутболшыларды дайындайтын базажасақталатынын айтты. Яғни ондаойынға қызығушылық танытқан əржеткіншек кəсіби футболға дейінгі түрлісатыда жаттығатын болады.

Клуб президенті Талғат Апсаматов команданы қолдауға келген облыс əкіміне алғысын білдіріп, ойыншылардың қалай жасақталғанына жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ ол маусымға дайындық барысында «Тараз» ойыншылары үш рет оқу-жаттығу жиынын өткізгенін, жолдастық кездесулерде босниялық «Младость», молдавиялық «Бельць» командаларын жеңгенін айта келіп, Вардан Минасян баптайтын командаға зор сенім артатынын айтты.

Облыс əкімі «Негізгі қақпашы жəне шабуыл шебінде өнер көрсететіндер кімдер?» деп сұрады. Бұл орайда Талғат Тұрлыбайұлы: «Негізгі қақпашы Мұхамеджан Сейсен, шабуыл шебінде Абылайхан Жұмабек, Петро Эуженио, Ненад Адамовичке зор сенім артылып отыр. Жартылай қорғаушылар мен қорғаушылар да тың күш беріп, ойын барысында жақсы нəтиже болады деп сенеміз. Бұйырса алдағы 14 наурыз күні сырт алаңда Қызылорданың «Қайсарымен» кездесеміз. Онан соң 19 наурызда өз алаңымызда Солтүстіктің «Қызылжарымен» ойын өткіземіз», – деді. Ал команданың бас бапкері Вардан Минасян: «Оқу-жаттығу кезеңінде ойыншылардың мүмкіндігін байқадық. Талантты жас ойыншыларымыз да бар. Сенімді ақтауға барымызды саламыз», – деді. Өз кезегінде команда капитаны Мақсат Əмірханов облыс əкіміне үлкен дода алдында қолдау білдіріп келгеніне алғыс айтты. «Біздің клуб биыл жергілікті талантты ойыншылармен нығайтылған. Командаға үздік алтылықтың қатарынан түспеу жəне мүмкін болса ҚР кубогін иелену мақсаты қойылып отыр. Сіз əрдайым бізге көмектесесіз, біз сенімді ақтаймыз. Сізге командаластарымның атынан сыйлық беруіме рұқсат етіңіз» деген команда капитаны облыс əкіміне футболшы жейдесін, шарф жəне бүкіл футболшының қолы қойылған футбол добын сыйлады.

Жиын соңында облыс әкімі Бердібек Машбекұлы: «Облыс əкімдігі «Тараз» футбол командасын қай кезде де қолдайды. Сіздер де кіндік қандарыңыз тамған жердің намысын үлкен жауапкершілік, толайым күш- жігермен қорғаңыздар. Жеңіс үшін ынтымақтарыңызбен бірге намыс, жігер, қайрат керек. Ол сіздерде бар деп білемін. Сіздерге 1 миллионнан астам тұрғын қарап отыр, сенім артып отыр. Сəттілік тілеймін», – деді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support