- Advertisement -

Тіпті бүгін І Алматы вокзалынан Қызылорда-Семей пойызы тоқтамай өтіп кетіпті…

183

- Advertisement -

2019 жылдың желтоқсан айында Қытайда тіркелген COVID-19 инфекциясының өршуі  3-4 айдың ішінде пандемия деңгейіне жетті. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирустық инфекцияны пандемия деп жариялаған болатын. 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Бастапқыда төтенше жағдай режимі 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін созылады деген шешім қабылданды. 19 наурызда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізіліп, бұл қалаларға кіру мен шығу шектелді. Үлкен сауда орындары жабылып, тек азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға өз жұмысын жалғастыруға рұқсат берілді. 22 наурыздан бастап аталған қалалардан шығатын жолдар толығымен жабылды, әуе және теміржол қозғалысы тоқтатылды. Барлық облыс өңіраларық, халықаралық жолға блок-бекеттер қойып, қозғалысты шектеді.

Осы жағдай көпшілікті әрі сәрі күйге түсірген еді.  Көптің көңіл-күй ауанын сол шақта жерлесіміз, белгілі журналист Қыдыралы Қойтай: «Біздің жағдайымыз жақсы. Тек бүгіннен бастап қаладан шыға алмайтынымыз болмаса, шыққанның өзінде қайта кіре алмайтынымыз болмаса, кіргеннің өзінде 14 күн карантинде жататындығымыз болмаса. Мегаполис атанған қала бүгін тып-тыныш. Базарлар мен өндірістік дүкендер жабылған. Көшелер бос. Бетперде киген бірлі-жарымды кездестіріп қалмасақ, Алматының бұрынғы ырду-дырду өмірі бір сәтте басылған. Бұрындары көшенің арғы бетіне зулаған көліктен өте алмай, бағдаршамды жағалаушы едік. Қазір кез келген жерден кесіп өте беретін болдық, машина аз. Тіпті бүгін І Алматы вокзалынан Қызылорда-Семей пойызы тоқтамай өтіп кетіпті. Біздегі жағдай осы. Қаланың ызы-қию өмірі де, көз үйренген кептеліс те жоқ…» — деп сипаттаған өз жазбасында.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support