Жаңалықтар

Медициналық құралдармен жабдықтаудың маңызы зор

Медициналық құралдармен жабдықтаудың маңызы зор

Денсаулық сақтаудың ең тиімді жүйесін құрудың негізгі шарттарының бірі – саланы бәсекеге қабілетті мамандармен, қажетті құрал-жабдықтармен және жаңа инновациялық-технологиялармен қамтамасыз ету. Пандемияға қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан тынымсыз жұмыстарды айтпағанның өзінде, былтыр өңірімізде осы бағытта атқарылған жұмыстар аз емес. Соның бірі – медициналық ұйымдарды медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Былтыр жергілікті бюджеттен медициналық құрал-жабдықтар алуға 1,18 миллиард теңге бөлінді. Ол қаржыға 114 дана медициналық техника сатып алынды. Тарқатып айтсақ, өңіріміздің емдеу ұйымдары 3 КЩС анализатор, 3 компьютерлі томограф, 42 көп функционалды төсек, 34 реанимациялық төсек, 2 АСТ Коагулометр және де 3 цифрлы рентген аппарат, 2 экстракорпоральді мембранды оксигенация аппараттарымен жабдықталды. Сонымен қатар былтыр жергілікті бюджет резервінен қосымша қажеттілікке және пандемияның екінші толқынының дайындығына байланысты 2,119 миллиард теңге қаражатқа 1 дана литотриптор, 1 дана лазерлі литотриптор, 4 дана Эксперт класс УЗИ аппараттары, 1 дана универсалды Эндовидеохирургиялық кешен аппараты, 15 дана Фетальді мониторлар, 1 дана 190 модельді Видеоэндостойка аппараты, 3 дана 170 модельді Видеоэндостойка аппараттар, 2 дана хирургиялық «силовое оборудование» аппараттары, 1 дана флюрограф аппараты, 240 дана көпфункциональді төсектер, 2 дана дефибриллятор – монитор аппараттары, 30 дана науқас монитор аппараттары, 70 дана инфузомат, 70 дана перфузор, 10 дана хирургиялық сорғыш аппараттары, 3 дана ЭКГ аппараттары, 100 дана пульсоксиметр, 2 дана синоптофор аппараттары, 2 дана Амблиокор аппараттары және 100 дана рециркулятор сатып алынды. Сондай-ақ емдеу алдын алу ұйымдары үшін жергілікті бюджеттен 344 миллион теңге бөлініп, 642 бірлік медициналық құрал-жабдықтар алынды. Сонымен қатар демеушілердің көмегімен емдеу ұйымдарына 122 оттегі концентраторы, 14 өкпені жасанды желдету аппараттары берілді.